Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2135 0 пікір 19 Желтоқсан, 2011 сағат 11:03

Әли Секел. Ким Сен Ир де көмусіз қалатын болды

Темірдей қатты тәртібімен танылған Солтүстік Кореяның президенті Ким Чен Ир өмірден озды. 70 жасқа қараған шағында өзінің сүйікті поезында көз жұмған Ким Чен Ир өлімінің басты себебі - жүрегінің ұстамасы. Өзін керемет менеджер ретінде танытқан Ким Чен Ир Солтүстік корея халқын 1995-1997 жылдардағы ашаршылықтан аман алып қалғаны үшін құрметтеледі. Алайда, әлемдегі ең жұмбақ елдің жан-жағымен байланысы ашылады ма әлде басшысы ауысқан Солтүстік Корея одан әрі тас бүркене ме, белгісіз. Оны уақыт көрсетеді. Бір анығы, ел тізгіні Ким Чен Ирдің үшінші ұлы Ким Чен Ынның қолына өтеді. Бүгінде ол әкесін жерлеуге арналған комиссияның төрағасы. Солтүстік Корея президентімен қоштасу 29-желтоқсанға дейін жалғасады. Қоштасу аяқталған соң оны Камсусан мавзолейіне «жайғастырады». Басшылық Ким Чен Ирмен қоштасуға шетелдік делегация өкілдері жіберілмейді деп шешкен. Сонымен тағы бір көсем көмусіз қалатын болды. Естеріңізге сала кетсек, қанқұйлылығымен, құдайсыздығымен танылған бірқатар елбасшылар, соның ішінде Ленин, Сталин, Ататүркі бастаған көсемдер күні бүгінге дейін көмусіз қалып мүрдесі мавзолейде жәдігер болып тұр. Олардың қатарына енді Ким Чен Ир қосылатын болды.

«Маса-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470