Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2112 0 пікір 20 Желтоқсан, 2011 сағат 06:05

Rompetrol Ливиядағы жұмыстарын қайта жандандырады

Алматы. 20 желтоқсан. ҚазТАГ - The Rompetrol Group Ливиядағы жұмыстарын қайта жандандырады, делінген «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ақпаратында.

«The Rompetrol S.A.» (The Rompetrol Group құрамына кіреді) Ливияда бұрғылау жұмыстарын жаңартқанын хабарлайды, онда қондырғыларды бағалау және тексеру үшін мамандар тобы жіберілді», - делінген баспасөз хабарламасында.

The Rompetrol Group қызметкерлері қондырғыларды қайта іске қосып, осы елге қайта оралады.

Ақпан айының аяғында қақтығыс кезінде компания Ливиядағы қызметін тоқтату туралы шешім қабылдап, кеңсесі орналасқан Триполиді қоса 5 нысанда жұмыс істейтін 63 қызметкер (Румыния азаматтары) үйлеріне қайтқан болатын. Осы кезең ішінде The Rompetrol Group Ливияның қалған 100-ден астам азаматтарына қорғауды қамтамасыз етіп, еңбекақы төлеп, олардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетті.

The Rompetrol Group құрамындағы ұңғымаларды бұрғылау және қызмет көрсететін бөлімше өз жұмысын Ливияда 1986 жылы Мурзук бассейнінде бастады, онда 100 млн. баррельден астам қорымен осі өңірдегі ең үлкен мұнай кен орны ашылған болатын. Сондай-ақ компания Либба және Амал блоктарында жұмыс істеді.

«Қазіргі уақытта Ливияда саяси жағдай тұрақтанды, ал біздің кейбір дәстүрлі серіктестеріміз жуық арада өздерінің экономикалық операцияларын бастады немесе бастауды жоспарлап отыр. Біздің бағалауымызша 2012 жылдың бірінші тоқсанында The Rompetrol Group бұрғылау бойынша жұмыстарын толығымен жаңартады, ал компанияның 90% қондырғылары жұмысқа жарамды екені бізге белгілі», - деп атап кетті Rompetrol SA бас директоры Георге Джеорджеску.

The Rompetrol Group -  «ҚазМұнайГаз» - өңдеу және маркетинг» ҰК-ның 100%еншілес ұйымы. Rompetrol - Румынияның ірі мұнай-газ холдингі. Оның 3 зауыты (Petromidia, Вега, Петрокемикалс), Еуропа елдерінде (Румыния, Франция, Испания, Молдова, Украина, Болгария, Грузия) 1042 жанармай құюс станциялары бар.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ - Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекеттің мүдделеріне өкілеттік ететін, көмірсутекті барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша ұлттық оператор. «ҚМГ» АҚ акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘқ» АҚ-на тиесілі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458