Жаңаөзенде және Шетпе кентінде өткен тәулікте қылмыстар тіркелген жоқ – бас прокуратура
Астана. 20 желтоқсан. ҚазТАГ - Жаңаөзенде және Шетпе кентінде өткен тәулікте қылмыстар тіркелген жоқ, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
«Жаңаөзен қаласында және Шетпе кентінде өткен тәулік ішінде бірде бір қылмыс жасау фактісі тіркелген жоқ», - делінген ведомствоның сейсенбі күні таратқан баспасөз хабарламасында.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, Жаңаөзен, Ақтау қалалары мен Шетпе кентінде де және жалпы аймақта да жедел жағдай қалыпты және құқық қорғау органдарының бақылауында тұр.
«Өткен түні (желтоқсанның 19-нан 20-на қараған түн) Жаңаөзен қаласында коменданттық сағатты бұзғаны үшін комендатураға 3 адам жеткізіліп, профилактикалық сұхбат жүргізгеннен кейін үйлеріне жіберілді», - делінген ақпаратта.
Мұның алдында хабарланғандай, Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік 16 желтоқсанда болған. 46 нысан бұзылып, өртелді. Бас прокуратура 14 адамның қаза болғанын, оның 11-інің аты-жөндері анықталғанын хабарлады.
17 желтоқсанда Шетпе станциясында тәртіпсіздіктерге тосқауыл қою кезінде 1 адам қаза болып, 5 полиция қызметкері жарақат алды.
Президенттің жарлығымен Жаңаөзенде 2012 жылдың 5 қаңтарына дейін төтенше жағдай енгізілді.