Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2367 0 пікір 20 Желтоқсан, 2011 сағат 06:07

Сайлаудың әділдігі мен ашықтығын барлық партиялар қамтамасыз етулері тиіс, деп есептейді Алматы әкімінің орынбасары

Алматы. 14 желтоқсан. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов барлық саяси партияларды алдағы сайлауды әділ әрі ашық өткізуге шақырды, деп агенттік тілшісі хабарлады.

«Біздің барлығымыз әділ сайлауды қолдаймыз, және де барлық партиялар өздерінің өкілдері арқылы сайлаудың адалдығы мен ашықтығын қамтамасыз етулері тиіс. Біздің барлығымыз сайлау науқанында теңбіз, және дауыс санау қорытындысы біздің елдегі саяси тіршілік жағдайы қандай екенін көрсетулері тиіс. Бұған бәріміз де мүдделіміз. Қалай дауыс берсе - нәтиже сондай болуы тиіс. Ол аз десеңіз, ешқандай бұзушылық болмауы тиіс, оның ішінде кездейсоқ бұзушылықтар», - деді Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов сәрсенбі күні «Сайлау 2012: транспоренттік, толеранттық, лигитимділік» атты дөңгелек үстелде.

Бұл ретте С. Сейдуманов сайлау науқанына қатысып отырған барлық тараптарды Конституцияны, «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» заңды қатаң сақтауға және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру мен мемлекеттілікке нұқсан келтіруге бағытталған әрекеттер мен әдістерден бас тартуға шақырды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар сайлауға дайындық кезінде де, сайлауда да назар аударуды қажет ететін бірқатар мәселелерді айқындады. ЖСДП-ның қалалық филиалының төрағасы Әмірбек Тоғысовтың айтуынша, сайлау комиссияларының құрамына кеңес беру құқығымен сайлауға қатысып отырған барлық саяси партия өкілдерін кіргізу керек, ал азаматтардың сайлау құқығын бұзғандарға 5-10 АЕК мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл салмай, қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Өз кезегінде ҚХКП Алматы қалалық компартиясының бірінші хатшысы Галина Баймаханова барлық партия мүшелерін бір-бірлерінің үгіт-насихат материалдарына сый-құрметпен қарап, оларды жұлып тастамай, олардың үстіне басқа материалдар жапсырмауға шақырды, ал ҚХКП орталық ревизиялық комиссиясының төрағасы Александр Холодков үгіт-насихат материалдарын айқындалған жерлерге орналастыруда мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету үшін насихат материалдары басылатын беттердің мөлшерін алдын-ала айқындап алуды ұсынды.

Территориялық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Доспанов саяси партиялардың өкілдеріне бұзушылықтар анықталған жағдайда, немесе сауалдар туындағанда территориялық сайлау комиссиясының төрағасына немесе оның орынбасарына жүгіну керектігін ұсынды.

Сайлаудың адалдығы мен ашықтығына бақылау жасауды «Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі» қоғамдық қорының президенті Тасқын Тахметбекова уәде етті.

«1 желтоқсанда біздің бақылаушыларымыз ұзақ мерзімдік бақылауды бастады және 15 қаңтарда қысқа мерзімдік бақылауды жүзеге асырмақшымыз. Біз өз бақылаушыларымызды еліміздің 13 аймағындағы 2000 учаскеге қоймақшымыз», - деді Т. Рахметбекова.

Б. Доспанов атап өткендей, депутаттыққа үміткерлерді тіркеу сәрсенбі күні 12 сағатта аяқталады, ал сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарына партиялар 16 желтоқсанда кірісе алады, мәслихат депутаттығына үгіт-насихат - 21 желтоқсанда басталады.

1АЕК=Т1512

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458