Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
2811 0 пікір 7 Қыркүйек, 2020 сағат 15:42

Токио Олимпиадасы 2021 жылы өтетін болды

Токиодағы жазғы Олимпиада коронавирус пандемиясына қарамастан өтетін болды. Бұл жайлы Халықаралық Олимпиада комитетінің вице-президенті Джон Коутс мәлімдеді,- деп хабарлайды 24.kz.

«Олимпиада коронавирус бар болса да өтеді. Ол 2021 жылы 23 шілдеде басталады. Бұл COVID-19-ды жеңген ойын болмақ», - деді Коутс.

Ол қабылдаушы ел Жапонияның алдында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік тұрғанын айтып өтті.

Коутстың айтуынша, Олимпиадаға коронавирус жағдайы қиын елдерден де спортшылар қатысады, бірақ ол жарысты ұйымдастыруға кедергі болмауы керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1156
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2683
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 800
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 774