Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3088 0 пікір 21 Желтоқсан, 2011 сағат 03:45

Бүлік бүгі

Бекқожа Жылқыбекұлы. Бүлік бүгі

Кемпір-шал мен кер келінді қағыстырып қойғандай

топалаңға айналғаны әлі есімде той балдай!

Тойға келген тоғыз аймақ ақұдайлап,

у ұрттап,

қайтып еді ұлы тойдан бұл өмірге тойғандай.

 

Ойланбаған ой-қиял тұр жол шетінде қырық мың,

сызатына кіріп алып сылаңдаған сырықтың.

Жылтыңдаған жыртық сәуле жатыр жерде шашылып,

құран оқып құлап өлген басына ақ жіліктің.

Сүйек-саяқ былтыр күзде той жасаған секілді,

кесірінен кемік болып жатыр жамбас бүліктің.

Бүлік жайлы Айдың темір бүйрегі тұр бүлк етпей,

кетіп бара жатыр керде,

кердең қағып,

күліп Күн.

Күн мен Айдың несі кетер!

Жарылғаны қызық боп

тұр оларға жерде жүрген бір-бір қара тұлыптың.

 

Бассыздық базары

 

Алып ойды заңғардай

аң-құс отыр аңғармай.

Жауып жатыр парламент

мінбесінен заң қардай.

Ақ боран,

жел азынап,

алаяқ ой аңдардай

айналада жосып жүр...

Қайқаң қағып хан нардай,

шен мен шекпен желіп жүр

Құдай болып алғандай,

жүлгесіз ой жүрегі

қара халық қамының

білтесіне жалғанбай.

Ауыл иті ұлып тұр

көшкен жұртта қалғандай.

 

Бекқожа Жылқыбекұлы. Бүлік бүгі

Кемпір-шал мен кер келінді қағыстырып қойғандай

топалаңға айналғаны әлі есімде той балдай!

Тойға келген тоғыз аймақ ақұдайлап,

у ұрттап,

қайтып еді ұлы тойдан бұл өмірге тойғандай.

 

Ойланбаған ой-қиял тұр жол шетінде қырық мың,

сызатына кіріп алып сылаңдаған сырықтың.

Жылтыңдаған жыртық сәуле жатыр жерде шашылып,

құран оқып құлап өлген басына ақ жіліктің.

Сүйек-саяқ былтыр күзде той жасаған секілді,

кесірінен кемік болып жатыр жамбас бүліктің.

Бүлік жайлы Айдың темір бүйрегі тұр бүлк етпей,

кетіп бара жатыр керде,

кердең қағып,

күліп Күн.

Күн мен Айдың несі кетер!

Жарылғаны қызық боп

тұр оларға жерде жүрген бір-бір қара тұлыптың.

 

Бассыздық базары

 

Алып ойды заңғардай

аң-құс отыр аңғармай.

Жауып жатыр парламент

мінбесінен заң қардай.

Ақ боран,

жел азынап,

алаяқ ой аңдардай

айналада жосып жүр...

Қайқаң қағып хан нардай,

шен мен шекпен желіп жүр

Құдай болып алғандай,

жүлгесіз ой жүрегі

қара халық қамының

білтесіне жалғанбай.

Ауыл иті ұлып тұр

көшкен жұртта қалғандай.

 

Нарықтанып назарым

 

Алдаркөсе алдап кетіп неше дүркін,

неше рет,

бас қатырдым алданудың себебіне кешірек.

Кеш те болса,

ақыл тісім шыққанына тәубе қып,

құлдық ұрып жүрмін күнде Күн құдайға бес рет.

 

Бес әрекет намаз оқып,

нарықтанып назарым,

көк қағазбен өлшенетін мылқау өмір базарын

ақыл оймен тізгіндеуге амал іздеп,

алқынып,

Пайғамбардың мөлдір бұлақ секілді тап-таза арын

таба алмай,

құлағымды шұқып күнде азалы үн,

тіршіліктің жалғызаяқ жолыменен жорғалап,

келемін көн көңіл-күйдің көтеріп ап азабын.

 

Ауыт Мұқибекұлы. Жаса!

 

Жаса, жаса, Махамбеттің ұрпағы,

Түсінеді о, сендерді жұрт әлі.

Батады әлі мына күн де қызарып,

Атады әлі әділеттің бір таңы.

 

Басылмапты-ау баяғы сол екпінің,

Рухы өлмеген ұрпағы едің тектінің.

Маңғыстаудан найзағайдай шатырлап,

Сарыарқаға, Алатауға жетті үнің.

 

Жау алмайды батыр қыз бен мықты ұлды,

Жан айқайың ұлы ерлікті ұқтырды.

Дауысыңнан бүкіл қазақ оянып,

Айқайыңнан бүкіл қазақ тік тұрды.

 

Басыңды ешкім ие алмайды атып оқ,

Тұрсын дәйім жүрегіңде тасып от.

Өз жеріңде отырғанда, бауырлар,

Басынуға басқалардың хақы жоқ.

 

Аллам өзі асырайды адалды,

Жалағаннан сақта, Құдай, табанды.

Сенің барып балтырыңа тиген оқ,

Менің келіп жүрегіме қадалды.

 

Боздақтарым қызыл қанға малынды,

Өрт шарпыды терегіңді, талыңды.

Ала жаздай жаттың күнге қақталып,

Жарамадық бір сұрауға халыңды.

 

Жолы бұраң, соры қалың ел едің,

Жантақ еді жанды жалдап жегенің.

Неге шықтың, неге бұздың шырықты?

Бір сұрауға жарамадым себебін.

 

Қара қытай сені аяйды деп пе едің,

Маған мәлім тым ашынып кеткенің.

Таусылғанда төзімің мен амалың,

Жарамады мылтық кезеп жеткенім.

 

Кетті деп ек келмеске енді зар-заман,

Күннен де өттік күрмеуі көп, тарғалаң.

Ғасыр бойы бостандықты аңсадық,

Оқ атпаған бұл қазаққа бар ма жан?

 

«Ұлы Отан» деп түрдім кеше мен білек,

Айғай салдық Әлия-Мәншүк жеңді деп.

Бостандыққа толмай жатып жиырма жыл,

Оқ атамыз ұрпағына енді кеп.

 

Қажыдық қой, жиналыстан, тойдан да,

Пайда бар ма көп созғаннан бойды алға.

Жөн-ау деймін асып кеткен жандарға,

Дәл осылай бір танытып қойған да.

 

Баба қылышы бар екен-ау беліңде,

Есе берме, ешкімге де желінбе!

Өз мүддесін қорғамаған сорлылар,

Қорғап ертең жарытпайды елін де.

 

Бақыт күйін бастап енді шертіп ек,

Ел болдық па тұрлауы жоқ, серті көп.

Одан гөрі жинап алған жөн еді,

Қандастарды жүрген сыртта тентіреп.

 

Толсын қазақ менің байтақ далама,

Сол қазақтан жаным менің садаға.

Ауырыңды көтеріскен қасқайып,

Бауырыңды бұзық деме, жан аға!

 

Атқызғаным азғындық-ау мергенге оқ,

Көкірегімді бара жатыр шер дендеп.

Өз намысын қорғауға әбден хақылы,

Қазақ елдің тіліне еріп көрген жоқ,

 

Құр алдауға жайымыз жоқ көнетін,

Алпауыттар ақымызды төлесін!!!

Қазағы бар Нұрсұлтанда арман жоқ,

Әділеттің ақ жолында өлетін.

 

Ел бірлігі - Елім үшін мықты күш,

Қосылса екен енді келіп құтқа ырыс.

Ең алдымен қазағыңның қамын же,

Қазақстан болсын десең тып-тыныш.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435