Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3312 0 пікір 21 Желтоқсан, 2011 сағат 15:40

Төреғали ТӘШЕНОВ. Асқар Сүлейменовке ескерткіш қойылды

Қарт Қаратаудың баурайындағы Созақ ауданынан талай алып тұлғалар шыққан. Сондай қайталанбас кемел тұлғаның бірі - Асқар Сүлейменовке туған жерінде ескерткіш ашылды.

Аудан орталығы - Шолаққорған кентіндегі Асекең білім алған бұрынғы Калинин атындағы мектепке 90-жылдардың басында Асқар Сүлейменов есімі берілген-ді. 1953 жылы салынған мектеп ескіріп, тоза бастаған соң, орнына екі қабатты Асқар Сүлейменов атындағы заманауи жаңа мектеп салынған. Биыл қыркүйек айында оқушыларға есігін айқара ашқан ол мектептің құрылысын осы өңірде уран өндіретін «КАТКО» қазақ-француз бірлескен компаниясы қаржыландырған. Міне, Тәуелсіздік тойы кезінде осы мектептің алдында Теріскейден түлеп ұшқан қазақ әдебиеті алыптарының бірі, керемет сыншы, жазушы, драматург Асқар Сүлейменовке орнатылған еңселі ескерткіштің салтанатты ашылуы болды.
Ескерткіштің ашылуына Асекеңнің ұрпағы мен жақын-жуықтары атынан зайыбы, белгілі сыншы, мәдениеттанушы Әлия Бөпежанова, кенже қызы, KІMEP-тің студенті Әсмә Сүлейменова және ұлы, белгілі тележурналист Әлішер Сүлейменов келіп қатысты. Аудан әкімі, осы өңірдің төл перзенті Берік Мейірбеков, жергілікті жазушы Дулат Тұрантегі бастаған зиялы қауым өкілдері заманынан озып туған сөз зергері жайында естелік, құттықтау сөздер айтты.

Әлия БӨПЕЖАНОВА, жазушының зайыбы, әдебиет сыншысы, мәдениеттанушы:
- Асқар Сүлейменовке қай жерде, қай өңірде ескерткіш қойса да жарасады. Ал бұл ескерткіштің артықшылығы - өзінің туған жерінде, өзі оқыған мектептің алдында тұруы. Ескерткіш Карл Исаев деген кәсіпкер азаматтың жеке бастамасымен, жеке қаржысымен тұрғызылған. Созақ ауданына бұдан да бұрын талай игілікті іс жасап жүрген азамат - Асекеңнің досы, ауданға, облысқа белгілі қайраткер болған Өміртай Исаевтың ұлы. Карлдың өзі 80-жылдары техникалық институтта оқып жүріп, Желтоқсан оқиғасына қатысқан, зардап та шеккен екен. Асекең оның өкіл әкесі болған.
Ескерткіш маған ұнады. Асекеңнің дегдар күйде тіп-тік боп отырған жас кезі алыныпты. Ескерткіштің авторы - облысқа танымал мүсінші Насыр есімді азамат, Асекеңді көрмеген, суретіне қарап мүсіндесе де, рухын дәл беріпті. Асекеңнің «Ел азат болмай, ер азат емес» деген сөзі бар-ды, бұл ескерткіштің ашылуы да сол өзі аңсап өткен Азаттықтың, Тәуелсіздіктің арқасы.

Карл ИСАЕВ, аудандық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер:
- Асқар ағамызға аудан, облыс көлемінде әлі ескерткіш қойылмаған. Жүрегімнің қалауымен кейінгі ұрпаққа, жерлестеріме, жас өскіндерге үлгі-өнеге болсын деп қойдым. Сырлы Созаққа жолы түскен адам ұлт рухын асқақтатқан Асқар Сүлейменовтің ескерткішіне тағзым етсін деген мақсат болды. Ескерткіш қоладан құйылған, тұғыры граниттен жасалды. Биіктігі тас-тұғырын қоса есептегенде 4,5 метрдей болып қалады. Болашақта Алматыда да еңселі ескерткішін қоямыз деген үміттемін...
Соңғы жылдары оңтүстік өңірдегі ең мықты аудан саналатын Созақта Тәуелсіздік тойында тағы бір еңселі ескерткіш орнатылыпты. Ол ескерткіш Алматыда тұратын Созақтан шыққан кәсіпкерлердің қаржысымен, шығармашылық адамдардың бастамасымен қойылған. Қобыз бен домбыра және кітап бейнеленген өнер туындысына Созақтан шыққан қайтыс болған өнердегі нар тұлғалардың есімдері жазылып қойылған. Ол ескерткіштің ашылуы көктемге қалдырылыпты. Тәуелсіздіктің торқалы тойына осындай әзірліктермен келген Созақта әлі да талай еңселі ескерткіштердің ашыла беретіні күмәнсіз.

Төреғали ТӘШЕНОВ

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=11595&Itemid=2

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434