Жексенбі, 13 Қазан 2024
5875 2 пікір 10 Қыркүйек, 2020 сағат 13:26

Цой онлайн оқу жалғасатынын айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда онлайн оқу жалғасатынын айтты. Яғни, бірінші тоқсан қашықтан оқу бойынша жүргізіледі. 

Министрдің айтуынша, күз мезгілінде тұмау өршитіндіктен, коронавирус инфекциясының да таралу қаупі жоғары. Сондықтан оқушылар да қашықтан оқу форматын жалғастырғаны дұрыс.

“Бірінші тоқсан онлайн оқу форматында болғаны дұрыс деп есептейміз. Одан кейін біз ұжымдардағы жағдайды бақылап, оқу мәселесін қай бағытта жалғастыруды комиссияның қарауына ұсынамыз” деді Цой.

Айта кетейік, бұған дейін ата-аналар президенттің атына петиция жазып, дәстүрлі оқу жүйесіне қайта оралуды сұраған еді. Одан соң білім және ғылым министрлігі дәстүрлі оқу жүйесіне оралуға дайын екендіктерін айтып, бас санитар дәрігердің атына сұраныс жібергені хабарланған. Бүгін бұл мәселеге денсаулық сақтау министрі жауап беріп, онлайн оқудың жалғасатынын хабарлады.

Abai.kz

2 пікір