Жексенбі, 13 Қазан 2024
2569 0 пікір 11 Қыркүйек, 2020 сағат 12:50

Қырғызстан мен Қазақстан әуе қатынасын қалпына келтіреді

Қырғызстан мен Қазақстан арасында әуе қатынасын тұрақты қалпына келтіру мәселесі шешілді. Бұл жөнінде 10 қыркүйекте Қырғызстанның азаматтық авиация агенттігінің директоры Курманбек Акышев мәлімдеді.

Оның сөзінше, 17 қыркүйектен бастап Қазақстанға рейс қатынай бастайды.

"Біз әзірге "Нұр-Сұлтан-Алматы-Бішкек" бағыты бойынша аптасына екі рейс ұшырамыз. Болашақта саны көбейе береді. Өзбекстанмен де келіссөз жүргізілді. Бұл елмен әуе қатынасы 15 қыркүйектен бастап қалпына келеді", - деді Акышев.

Ол Ресеймен әуе байланысын қалпына келтіру мәселесі әлі шешілмегенін айтты.

Осыған дейін "Ташкент-Бішкек-Ташкент" бағытында рейсті "Узбекистон хаво йуллари" компаниясы аптасына бір рет жүргізетіні айтылған.

10 қыркүйектен бастап Jazeera Airways компаниясы "Бішкек - Әл-Кувейт" бағытында рейс ұшыра бастайды.

Тамыз айынан бастап Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері бірінші болып Қырғызстанмен әуе байланысын қалпына келтірді.

Наурыз айынан бері COVID-19 вирусы анықталғаннан бастап Қырғызстан барлық елдермен әуе қатынасын уақытша тоқтатқан. Тек шетелдегі азаматтарын елге әкелу үшін чартерлік рейстер қатынады.

Abai.kz

0 пікір