Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
3659 0 пікір 12 Қыркүйек, 2020 сағат 12:47

«Qazsport» телеарнасында Жақсылық Үшкемпіров апталығы

2020 жылғы 12 қыркүйекте қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровтың өмірден өткеніне 40 күн толады.

Осыған байланысты «Qazsport» телеарнасы 12 қыркүйектен бастап Үшкемпіров апталығын ұсынады.

Онда қазақстандық көрермендер мен спорт жанкүйерлерінің назарына әлем чемпионының көзі тірісінде түскен «Қазақстан» телерадиокорпорациясының бейнеқорында сақталған жобалар ұсынылады.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы аты аңызға айналған тұлғаның өмірі жас ұрпаққа үлгі боларына сенім білдіре отырып, жобаларды «Алтын қорда» сақтауды маңызды міндеті деп біледі.

Бағдарламалар кестесі:

12 қыркүйек 11:50 «Алтын бастау» деректі фильмі
13 қыркүйек 17:05 «Келбет»
14 қыркүйек 09:40 «Менің Олимпиадам»
15 қыркүйек 11:55 «Сен де бір кірпіш дүниеге...»
16 қыркүйек 10:15 «Дара жол»
17 қыркүйек 11:45 «24 сағат табиғат құшағында».

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1245
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2771
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 895
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 843