Жұма, 18 Қыркүйек 2026
2813 0 пікір 14 Қыркүйек, 2020 сағат 12:41

Коронавирус жұқтырған 121 адамның ахуалы нашар

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 121 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. 

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 557 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 37 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 306 науқас жатыр. 2 251 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 121 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр»,- деді.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындалып жатқанын мәлімдеген болатын.

«Қазір Қазақстанда жалпы саны 4,8 мың науқас коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Әзірге жағдай тұрақты. Біз Еуропа мен ТМД елдерінде аурудың өсімін байқап отырмыз. Сондықтан жағдайды бақылауда ұстауымыз керек»,-деді министр Цой.

Соңғы мәлімет бойынша, елімізде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 106855-ке жеткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1289
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2846
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 945
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 883