«Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның «Тентек» шахтасында метан газының ауаға тасталуы болды; үш кенші қаза тапты
Қарағанды. 29 маусым. ҚазТАГ – Шахтинск қаласында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ ірі шахталарының бірі болып табылатын «Тентек» кенішінде жексенбі күні кешке апат болды.
Дерек көздердің хабарлауынша, 22 сағат 50 минутта күтпеген жерден метан газы ауаға атылған. Бұл уақытта өндіру забойында төрт кенші жұмыс істеп жатқан. Лавада жүзден аса жұмыскер болған.
Осы сағаттағы ақпарат бойынша, ТЖ кезінде жер астында жұмыс істеп жатқан адамдардың барлығы жер үстіне шығарылды. Жедел жәрдем қызметінің мәліметтеріне сәйкес, екеуі 1984 жылы туған және біреуі 1951 жылы туған үш кенші жер үстіне халсіз күйде шығарылды. 27 жастағы кенші Василий Штенцель метан газымен улану деген диагнозбен өте ауыр жағдайда қарағандылық емханаға жеткізілді.
Шахтадағылардың хабарлауынша, газ тұтанбаған, жер астында өрт болмаған. Кеніште арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Осыдан бір жыл бұрын, 2 маусымда «Тентек» шахтасында метан газының кенеттен ауаға тасталуы салдарынан бес кенші қаза тапқан болатын. Апат орнындағы метан газының құрамы 100 пайызды құрады. Көмір қабатынан мың тонна үгілген көмір мен 225 мың текше метр метан атылған. Қаза болғандардың мәйіттері жер үстіне бес тәулік өткен соң ғана шығарылды, ол кезде газдың құрамы біршама төмендеген болатын. Комиссияның отырысында мамандар бұл оқиғаны Қарағанды көмір бассейні тарихындағы ең қуатты соққылардың бірі деп атаған болатын. Бес кеншінің қазасы бойынша қылмыстық іс аяқталған жоқ. Ол «қосымша криминалистік сараптама жүргізу қажеттігіне байланысты» уақытша тоқтатылды. Сараптама «метан газының ауаға тасталуы кезінде дабыл беретін қондырғылар неге іске қосылмады?» деген тергеудің басты сұрағына жауап беру қажет еді.