Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3472 0 пікір 27 Желтоқсан, 2011 сағат 05:38

Нұртас Иманқұл. Бетперденің ар жағындағы Ертісбаев (жалғасы)

Е.Е-нің «сөздігі» (лексиконы) мен клишесі, қазақты жәбірлеуі мен жапа шектіруінде шек жоқ: «ұлттық-патриоттар», «ұлтшылдар», «төмен құқықтық санадағылар», «мешеуілдер мен ұлттық мүкістік», «кемтарлық комплексі», «адам ақымақтығының шыңы», «жағдайды ушықтырудың жауыз ниеттілері», «ұлттық-радикалды оппозиция қарақшылары», «асқақ ұлтшыл теориясы» және т.б. - осы сөздері жазып айтып жүрген адам қазақ па өзі? Бұл қазақтың құқын, ділін таптап жүрген «бұлбұл», ол қалайша кеңесші болып жүр?! Оның ҚР Конституциясының 5 бабына, Қылмыстық кодексіне жүгіне беретін мазақтама қоқан-лоқысын қалай түсінесіз?!

Болат Атабаев: «Қоғамды үрейде ұстау керек, сөйтіп тобырды билеп-төстеу керек. Өйткені адам қорыққанда, ештеңе істей алмай қалады. Үрей дегеніміз паралич (сал). Естеріңізде ме, 10-15 жыл бұрын бізді оппозициямен қорқытты, сонан соң қырғыздармен қорқыта бастады, одан кейін - лаңкестермен (терроризм), қайтадан қырғыздармен: егер бізді тыңдамасаңдар, қырғыздар сияқты өмір сүресіңдер, Қырғызстандағыдай қиян-кескі шайқас болады деп. Қазір сырттан төнетін қауіп сейіле бастап, өзектілігін жоғалтты. Енді ел ішінен шығатын қауіп қажет» («Голос Республики», №40, 11.11.2011). ЕЕ бұқаралық ақпарат құралдарын монополияландырды, оны қоғами сананы манипуляциялаудың тілалғыш, көнбіс құралына айналдырды.

Жасарал Қуанышалин: «Қоғам үшін президент кеңесшісі байыпсыз, әншейін жүрген фигура, ол бір, екі, үш нәрсе айтуы мүмкін, ал соңында төртінші нәрсе болып шығуы мүмкін».

«Айқын газетінде № 192, 15.10.2011, айқайлап тұрған «Қазақ тілі үшін қолымды шауып беруге даярмын» деген айдарында Е.Е «қазақ тілі - халықаралық тіл деп жүрген жалғыз қазақпын» деп көпсиді. Ал әкімшілік әдістер керек емес. Олар тек соғысқа әкелетініне нық сенімдімін». Міне Ероханың қоғамды қорқытуы! Бұл - президент кеңесшісі!

Е.Е-нің қазақ тілін үйренудегі «жойқын қабілеті» туралы «Тілдауа» қазақ тілі қызметін кеңейту аясы бойынша Қоғамдық қордың құрылтайшысы, филолог Төлеу Аймағанбетова былай дейді: «Кейбір әріптестерім маған кінә тағады, мен тіл үйреткен президент кеңесшісі мырза Ертісбаев қазақша неге еркін сөйлей алмайды деп». («Мегаполис», №40, 24.10.2011). Аймағанбетова ханым, Е.Е «данышпан» ғой, оны сіз нашар оқытқансыз!

Б.Атабаев: «Антиинтеллектуализм қалыпты жағдайға айналды, президенттің айналасында интеллект бағаланбайды. Егер сен интеллектуал болсаң, сені бірден құртады. Осыдан біздің кадрлық бейберекеттік. Маған кем дегенде бір дені дұрыс министрді көрсетіңізші, маған жұмысты жақсы істеп жүрген, күнделікті мәселені шешіп жүрген бір министрлікті атаңызшы! Қазір министрліктердің барлық функциялары президент аппаратына өткен. Президент аппараты атқарушы органдарды алмастырды, бар мәселе сонда шешіледі!»

Жуырда ғана бір уақыт шамасында көрнекті ғалым С. Зиманов пен Е.Е-нің әкесі дүниеден озды, академик отбасы мен Ермұхамед Қабиденұлына шын көңілімді білдіремін. Мынаны қараңыз, орыстілді БАҚ-та Е.Е-нің әкесіне жазылған некролог (қазанама) мөлшері ғалымға арналғаннан бірнеше есе көп болды. Міне, төртінші билік, идеология кімнің қолында!

Е.Е - қазақ тілі мен рухының ең басты «көр қазушысы». Ол тұрғанда қазақ тілі еш уақытта көгермейді. Ол тез кетуі керек. Президент кеңесшісі кем дегенде қостілді, ал мемлекеттік тілді жетік білуі керек. Ана тілін білмеген кеңесші, - халық рухынан жұрдай! «Біздің пікірімізше, саяси мәселелер бойынша ҚР президенті кеңесшісі лауазымындағы Е.Е-нің осындай қызметі - фанатизм, ол шын мәнінде режимнің әлеуметтік-мәдени негізін жоюшы, құртушы, күн өткен сайын оған деген сенім азаюда. Қалай болса да президент кеңесшісі Е.Е-нің жеке басының тарихы еліміздің демократиясы үшін үлкен сабақ. Біз бір нәрсені есте сақтауымыз керек - саясатта есерсоқтық ырық пен билікті өз бойында бірдей сақтайтын адамнан қауіпті ештеңе жоқ». Плутарх . (ДА).

Соңы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019