Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
46 - сөз 5169 3 пікір 21 Қыркүйек, 2020 сағат 12:00

Жер комиссиясы қайда?

Достар, Астанаға екі күндік іс-сапардан Алматыға оралып келдім, кездесулерім өте көп болды. Оның ішінде екі кездесу Жер мәселесі үшін маңызды болды деп ойлаймын. Жоғары лауазымды шенеуніктерге өте қарапайым сұрақ қойдым:

Шілде айында президент Тоқаев мырза Үкіметтің кеңейтілген отырысында нақты тапсырма беріп кетті - Жер комиссияны құрыңдар, деп.

Одан кейін премьер Мамин мырза Ауыл шаруашылығы министрлігіне бір аптаның ішінде бұндай комиссия құруды тапсырған болатын.

«Министерству сельского хозяйства до конца текущей недели поручаю внести проект решения о создании Комиссии по земельной реформе. Комиссия должна выработать конкретные предложения по дальнейшему использованию земельных ресурсов», — сказал А. Мамин.

Источник: https://24.kz/…/409134-komissiyu-po-zemelnoj-reforme-sozdad…

Ол шілденің 14 болған еді. Бүгін міне қыркүйіектің 19-зы. Сол айтылған Жер комиссия қайда қалды? Президенттің нақты тікелей тапсырмасын үкімет неге орындамайды? АШМ министрі Сапархан Омаров мырза бұған не дейді?

Бізге сол комиссия неге керек болып тұр? Жер мәселесі - жалпыұлттық мәселесі, жерге қатысты шешімдерді тек қана шенеуніктер немесе фермерлер емес, бүкіл халық талқылауы жөн. Ол үшін ашық площадка керек, бұндай ашық алаң болмаса, шешім жабық түрде қабылдауы әбден мүмкін. Қауіп осында.

Сондықтан Үкімет президент Тоқаевтың тапсырмасын орындап Жер комиссияны құру міндетті деп санаймын. Сонда ғана Жер жөнінде шешімдер ашық түрде талқыланып қабылданады.

Мұхтар Тайжанның жазбасы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1262
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2798
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 913
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 861