Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3654 0 пікір 29 Желтоқсан, 2011 сағат 06:51

Сайлау кейiнге қалдырылсын!

Мәжiлiс пен мәслихат сайлауына қатысушы   барлық саяси

партиялар мен жеке тұлғаларға

ҮНДЕУ

16 желтоқсандағы Жаңаөзендегi, Шетпедегi қанды қырғын - ұлттық қасiретiмiз. Мұны мойындамау - бейбiт халыққа қарсы оқ атып, қажет болса қыра беру керек дейтiн жымысқы саясатты қолдау! Бiздер, жаңаөзендiктер, шетпелiктер күштiк құрылымдардың ату құралдарын қолданып қаламызды, кентiмiздi қанға бөктiрiп, жасөспiрiм балаларымызды, бауырларымыз бен жақындарымызды, жұмыстағы әрiптестерiмiздi атып өлтiрген, жарақаттап мүгедек еткен сойқанды әрекеттерiне лағнет айтамыз!

Бiз бүгiнде қайғыдан қабырғамыз сөгiлiп, қара жамылып отырмыз. Өлгендерiмiздi жер қойнына тапсырып үлгерген жоқпыз.

Мәжiлiс пен мәслихат сайлауына қатысушы   барлық саяси

партиялар мен жеке тұлғаларға

ҮНДЕУ

16 желтоқсандағы Жаңаөзендегi, Шетпедегi қанды қырғын - ұлттық қасiретiмiз. Мұны мойындамау - бейбiт халыққа қарсы оқ атып, қажет болса қыра беру керек дейтiн жымысқы саясатты қолдау! Бiздер, жаңаөзендiктер, шетпелiктер күштiк құрылымдардың ату құралдарын қолданып қаламызды, кентiмiздi қанға бөктiрiп, жасөспiрiм балаларымызды, бауырларымыз бен жақындарымызды, жұмыстағы әрiптестерiмiздi атып өлтiрген, жарақаттап мүгедек еткен сойқанды әрекеттерiне лағнет айтамыз!

Бiз бүгiнде қайғыдан қабырғамыз сөгiлiп, қара жамылып отырмыз. Өлгендерiмiздi жер қойнына тапсырып үлгерген жоқпыз.

Болған қасiреттi оқиғаға жете мән бергiзбеу, оған қайдағы бiр       бұзақыларды ғана кiнәлi санатып, жылы жауып тастауға ұмтылу әрекеттерi жүрiп жатыр. Қаламызда төтенше жағдай жарияланды. Осының өзiнен де ахуалдың өте ауыр екендiгi көрiнедi. Ереуiлшiлердiң талабының дұрыстығын мемлекет басшысы Н.Назарбаевтiң өзi атап айтты. Еңбек дауына қатысты мәселенi дер кезiнде әдiлеттi шешпегенi үшiн, қантөгiске дейiн жеткiзгенi үшiн басшылық қызметтегiлер орындарынан босатылды. Демек, бiздiң мұнайшыларымыздың жетi ай бойы өздерiнiң конституциялық құқықтарын табандылықпен қорғағанына куә болдық. Әдiлеттiлiк әлi орныққан жоқ. Мыңдаған мұнайшылардың тағдырына тiкелей қатысы бар сұрақтардың нақтылы шешiмi толық айтылған жоқ. Қамауға алынғандарды жоқ жерден жазықты жасау үшiн қинау, қорқыту тәсiлдерiнiң қолданылмайтынына бiздiң сенiмiмiз жоқ. Бақайдағы, Шаңырақтағы оқиғаға байланысты шығарылған сот үкiмдерiнен кейiн әркiмнiң көңiлiнде осындай күдiк қалды. Құқық қорғау, сот саласындағы сондай келеңсiздiктi бiз Маңғыстау өңiрiнен де көрiп жүрмiз. Мұнайшылар мүддесiн қорғаған кәсiподақ заңгерi Соколованың әлеуметтiк араздықты қоздырушы деген айыппен сотталуы соның дәлелi. Алаңдағы, көшедегi адамдарды  автоматпен, пистолетпен, пулеметпен атқылағандардың, оларға солай етуге бұйрық бергендердiң қылмысын жасырып-жабуға мүдделiлiк қазiрден көзге көрiнiп тұр.

Қазақ халқының және басқа да халықтардың ұлттық ғұрыптары, дәстүрлерi бойынша, мұндай қаралы кезеңдерде алқалы жиындар, өздерiн дәрiптеушiлiк шаралары, сән-салтанаттар, той-томалақтар өткiзiлмейдi. Бұл- адамгершiлiктiң, қаза тапқандардың аруағын сыйлағандықтың, қазалы адамдардың көңiлiне қарап, олардың қайғысын бөлiскендiктiң белгiсi. Қайтыс болғандардың саны ғана емес, мұндайда оның себеп-салдарлары да солай етуге тиiс екенiмiздi, одан аттап кетуге болмайтынын айқындайды. Елдi бiрлiкке шақырып жатқан адамдар тұтас бiр өлкенiң - Маңғыстаудың, оның халқының басына қара бұлт болып төнген қайғы-қасiреттiң салмағын сезiнер. Осындай күндерде бiзбен бiрге болуға, бiздiң төменде айтылар тiлек-талабымызды қолдар деген ниеттемiз.

Қадiрлi, депутаттықтан үмiткер мырзалар!

Орталық сайлау комиссиясындағы төрелер Жаңаөзенде сайлау алды үгiттiң шектелетiндiгiн мәлiмдедi. Мұнысы, әсте бiз атаған ұлттық-халықтық дәстүрге құрметпен  қараушылықтан емес. Төтенше жағдайдың енгiзiлуi және адамдардың шоғырланып бiр жерге жиналуынан орынсыз қауiптену қорқынышы осыған мәжбүрледi. Осындай себеппен қарулы мемлекеттiк жасақтың атқан оғынан қаза тапқандарды жерлеу кезiнде садақа берудi шектегенi жанымызға батты. Дәл қазiр бiз қай партияны таңдарымызды бiлмеймiз. Билiк басындағы партиядан әбден түңiлгенiмiздi де жасырмаймыз. Таңдау жасауға мүмкiндiктiң берiлмеуi сайлаушы ретiнде бiздiң құқығымызды шектесе, өз үгiттерiңiздi жүргiзуге жасалған тосқауыл сайланушы ретiндегi сiздердiң  құқықтарыңызды шектейдi. Сондықтан, жоғарыда айтылған себептердi ескерiп, жазықсыз құрбандардың қайтыс болғанына 4О күн толмайынша елiмiзде сайлау өткiзуге жол берiлмесiн! Сайлау кейiнге қалдырылсын! Бұған билiк келiспесе, бiз Мәжiлiс пен мәслихат сайлауына бойкот жариялаймыз! Өйткен сайлауы құрысын!

Қанды оқиғадан кейiн маңғыстаулық ағайындарыңыз күрт өзгердi. Ел байлығын адал еңбектерiмен арттырып жүрген мұнайшылар кедейшiлiктiң, көнбiстiктiң  шегi боларын түсiндi. Өз еншiлерiн өзгелерге жегiзбеудiң қандай жолы бар екендiгiн саралады. Талап қоймаса талқан да татырмайтын мемлекетiнiң сырын ұқты. Бүгiнгi билiктiң халық қамын ойламайтын, оны тек сөз жүзiнде айтудан әрiге аспайтын шынайы бейнесiн таныды. Бiз заңды талап қойдық. Арандату, жағымсыз кейiпте көрсетуге ақпарат құралдарын кеңiнен пайдалану, басқа да әрекеттер бiздi жасыта алмады. Бiздi автоматпен атып та қорқыта алған жоқ! Бiз құл болып өмiр сүргенше, азат ойлы, еркiндiгiнен ешқашан ажырамайтын қалпымызда өлгендi қалаймыз! Ар-ожданы мен намысын жоғалтпаған халықпыз. Мына Үндеудi жазуымызға себептi осыдан iздеңiздер. Бiз баршаңыздың парасаттарыңыз, ақыл-сезiмдерiңiз депутат деген атақтан да жоғары нәрсенiң болатынын пайымдайтынына сенемiз!

Дүйсенбаев Бижан, Соғыс және еңбек ардагерi,

Жылқышыұлы Жетiбай, Маңғыстау ауданының құрметтi азаматы, халық шежiрешiсi.

Орақов Төлекеш, КСРО Журналисттер одағының ардагерi,

Бозбанов Жүсiп, заң ардагерi,

Қарашаев Естай, «Азат» ЖСДП Жаңаөзен қаласындағы өкiлi, қалалық мәслихат депутаттығына үмiткер,

Мұқанов Жоламан, ҚР еңбегi сiңген ардагер ұстаз,

Науханұлы Аңшыбай, еңбек ардагерi, халық ақыны,

Қожық Жәнiбек,  «Азат» ЖСДП МОФ төрағасы және басқа да Маңғыстау өңiрiне танымал адамдар қол қойған.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329