Жұма, 11 Қыркүйек 2026
6174 0 пікір 30 Қыркүйек, 2020 сағат 12:18

Ресей мен Қазақстан арасындағы көлік жолдары ашылмайды

Әлеуметтік желілер мен мессенджерде тарап жатқан "1 қазаннан бастап орыс-қазақ шекарасы ашылады, Ресейде қалған өзбекстандықтар Қазақстан аумағы арқылы отанына орала алады" деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Осылай деп Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

"Мұндай жалған ақпараттан сақ болыңыздар. Ресей мен Қазақстан арасындағы көлік жолдары әзірге жабық болып қала береді", - дейді СІМ.

Хабарламада сонымен бірге Өзбекстанға оралғысы келетін азаматтарға арнайы чартерлік рейс пен пойыздар бар екені айтылған. Билеттердің бәрі онлайн режимде сатылады.

Қазан және Ростов-на-Дону қалаларындағы Өзбекстан консулдығы 29 қыркүйекте темір жол вокзалдарында өзбек мигранттарының жиналып қалғанын мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1081
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2633
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 756
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 726