Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2795 0 пікір 12 Қыркүйек, 2020 сағат 16:13

Алтын Ордаға 750 жыл. «Жошы хан. Ұлы дала» атты кітап жарық көрді

Биыл, 2020 жылы 1269 жылы Талас құрылтайында дербестік алған айбынды ұлы ұлыс Алтын Ордаға 750 жыл толып отыр. Тарихта Жошы ұлысы, Ұлық ұлыс сынды атаулармен белгілі Алтын орда империясының 750 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берген. Онда Алтын Орданың 750 жылдығын лайықты деңгейде атап өту, осы жылды мерейтой ретінде меркелеу туралы айтқан.

Мемлекет басшысының осы тапсырмасына орай өткен жылдан бастап еліміз тарихындағы ұлы ұлыстың 750 жылдығын мерекелеу жұмыстары жанды жүргіліп жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Жошы ханның кесенесін зиярат етіп, «Ұлытау-2019» халық­ара­лық туристік форумында сөз сөй­леген болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

«Ұлытау аймағы міндетті түрде Қазақстанның туристер тарту картасының алдыңғы қатарында болуы тиіс. Бұрын жобаланған «Ұлытау» ұлттық табиғи паркін құру мәселесін жүзеге асыру керек. Биыл мұнда туристер үшін арнайы орталық ашылуы тиіс. Ұлытау халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығына айналуы тиіс. Бұл жұмыстарды Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу қарсаңында бастау керек»,  – деген болатын Мемлекет басшысы.

Тарихын танымаған елдің болашағы бұлыңғыр деген сөз бар. Тәуелсіз елдің әрбір азаматы тарихты біліп, өткен ұлы тұлғаларға құрмет көрсетіп жүрсе, елдің ертеңі де жарқын болмақ. Осыны баса назарда ұтсаған ел басшылары әрдайым тарихи тамырмызды оятып, ұлттық рухымызды тасқындатуға баса мән беріп келеді. Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру» сынды аса үлкен бағдарламалық мақалалары Қазақстан халқының тарихи тармырын түгендеуіне үлкен серпін берді.

Сол секілді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ұлы даланың ұлық тарихын түгендеу жұмыстарына аса мән беріп, осы жұмыстарға өзі тікелей қолдау білдіріп отыр. Президенттің бастамасымен өткен жылдан бастан еліміздің түкпір-түкпірінде тарихи даталарды атап өтеу бағытында көптеген іс-шаралар өтіп жатыр. Сондай-ақ, мемлекеттік маңызы бар бағдарламалар қабылданып, кітаптар, зерттеу еңбектері жазылып жатыр.

Сөзміз дәлелді болу үшін, жақында ғана жарық көрген «Жошы хан. Ұлы дала» атты тарихи кітапты айтуға болады. Атақты Алтын Орданың 750 жылдығы қарсаңында жарық көрген бұл кітап Мемлекет басшысының Алтын Орда негізін қалаушы Жошы ханға міндетті түрде құрмет көрсетуіміз керек деген тапсырмасына сай жарық көріп отыр.

Біз сөз етіп отырған «Жошы хан. Ұлы дала» атты тарихи кітаптың жарық көруіне Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Болат Көмеков тікелей жетекшілік етіп, жұмыс істеді. Аталған ұжымдық еңбек Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атақты «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында жарық көріп отыр.

Ерекше айта кетерлгі, Алтын Орданың 750 жылдығы қарсаңында жарық көрген «Жошы хан. Ұлы дала» кітабына енген мақалаларды Қазақстан және Ресей Федерациясының зерттеушілері жазды. Ресейлік ғалымдар Шыңғыс ханның империялық және постимпериялық тарихын зерттеумен айналысқан үлкен зерттеушілер саналады. Олардың зерттеу еңбектері де бұл кітаптың жарық көруіне өз көмегін тигізді.

Ал «Жошы хан. Ұлы дала» кітабынның жауапты редакторы Дүниежүзілік Шыңғыс хан академиясының академигі, тарихшы Ғизат Табулдин мырза болды. Айта кетерлігі, Ғизат Табулдин бұған дейін Алтын орда тарихына қатысты ұжымдық еңбекке жауапты редактор болған. Атап айтқанда ол кісінің «Шыңғыс ханның шежіресі: тарихи талдауы» атты ертерек жарық көрген ұжымдық жұмысқа жауапты редактор болған тәжірибесі бар. Үлкен ғалымдардың қатысуымен жазылған ірі жинақтың безендіру жұмыстарымен беліглі суретші Альжапар Даниярдың иллюстрациялары арнайы пайдаланылғанын айта кету керек.

Біз сөз етіп жүрген «Жошы хан. Ұлы дала» тарихи кітабынның алғашқы тұсаукесері Лев Николаевич Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде өткен болатын. Аталған жоғарғы оқу орынында өткен тарихшылар конгресінде осы тарихи туындының тұсаукерсері болған. Бұл кітап шығыстанушыларға, тарихшыларға, сондай-ақ Қазақстанның өткен тарихына ерекше қызығушылық танытатын барлық оқырман қауымға арналған.

«Жошы хан. Ұлы дала» кітабы төрт үлкен бөлімнен құралған. Бірінші бөлімі «Ұлы дала» деп аталады. Бұл бөлімнің басты айтары ұшқан құстың қанаты талатын байтақ Еуразия даласында дәурендеген Дешті-қыпшақ мемлекеті жайлы толық мәлімет топтастырылған. Онда аталған мемлекеттің қалыптасу тарихы жайлы, сол кезеңдегі моңғол шапқыншылығы туралы, қыпшақ ұлысының көшпенділері және Ұлытау өңірінің тарихи-мәдени аумақтары туралы зерттеу еңбектері топтастырылған.

Ал «Жошы хан» деп аталатын екінші тарауында биыл 750 жылдығы тойланып жатқан Алтын Орда мемлекетінің негізін қалаушы – Жошы хан жайлы зерттеу еңбектері енгізілген. Сондай-ақ, Алтын орданың заңды жалғастырушылары саналатын атақты Көк орда, Ақ Орда жайлы және Қазақ хандығы туралы көлемді зерттеу жұмыстары топтастырылған.

Ал үшінші бөлімнің атауы «Көшпенділер тарихынан» деп аталады. Бұл тарауда биыл есімі ерекше ұлықталып жатқан Жошы ханның әкесі, атақты император Шыңғыс хан жайлы зерттеу еңбектері енгізілген. Сонымен қатар, бұл бөлімде Шыңғысханның (Темужин) өкіл әкесі саналатын алғашқы ұстазы, әрскери өнерге үйреткен атақты хан Тұғырылхан жайлы да еңбектер енгізілді. Дәл осы Тұғырылхан жетінші ғасырда негізі қаланған Керей ұлысының тарихы, аталған ұлыстың мемлекеттік құрлымы туралы көлемді еңбектерді де осы тараудан табуға болады.

«Жошы хан. Ұлы дала» кітабының соңғы бөлім Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атақты «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына арналады. Сондай-ақ, бұл бөлімде Қазақ хандығы тұсындағы батырлардың ерлігі және оралдың ел тарихында алатын орны жайлы зерттеу еңбектері де енгізілген. Мұнда Қазақ хандығының бастапқы кезеңінен тартып, Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске дейінгі көптеген атақты батырлар қамтылған.

Ерекшелеп айта кетерлігі, «Жошы хан. Ұлы дала» кітабының беташар мақаласының алар орны ерекше. Кітаптың қолына алған оқырман ең алдымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы «Ұлытау-2019» халық­ара­лық форумында сөй­леген сөзін оқи алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502