Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
3983 0 пікір 12 Қазан, 2020 сағат 11:04

Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі

Маңғыстау облыстық "Қоғамдық коммуникация орталығы" өңірде карантин күшейтілгенін мәлімдеді.

Харламаға сәйкес, 13 қазан 00.00 сағаттан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі.

Облыстың бас санитар дәрігерінің 28 тамыз күні шыққан қаулысына өзгерістер енгізілгені айтылады.

"Жаңа талаптар бойынша, енді тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады.

Қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады.

Фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады.

Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады.

Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі", - делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1222
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2751
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 879
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 831