Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
3021 0 пікір 12 Қазан, 2020 сағат 11:19

Қырғызстанда Парламент сайлауы 6 қарашаға белгіленді

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы Жогорку Кенеш депутаттарын қайта сайлауды 6 қарашаға белгілейді. Бұл туралы комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізбей тұрып парламентте саяси күштер өкілдерінің көп болуын қамтамасыз ететін заңдарды реттеу керек керек деп есептейді. Сонда ғана сайлаудан кейінгі дағдарыстан құтылуға болады. Бұған қоса комиссия парламентке өту межесін, сайлауға қатысу кепілқұнын азайтуды ұсынды.

7 қазанда Орталық сайлау комиссиясы Жогорку Кенешке бірнеше ұсыныс жасау туралы шешім қабылдаған.

Бұған қоса 12 саяси партиядан түскен арыздар Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне жолданады.

ОСК сайлауда заң бұзушылық тіркелгенін дәлелдейтін фото және видеоматериалдары Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне өткізуді ұсынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1235
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2761
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 889
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 837