Сенбі, 23 Қараша 2024
3300 4 пікір 15 Қазан, 2020 сағат 13:49

Ресей Қырғызстанға қаржылай көмек көрсетуді тоқтатты

Ресей Федерациясы саяси жағдай тұрақталып, мемлекеттік органдардың қызметі қалпына келгенге дейін Қырғыз Республикасына қаржылай қолдау көрсетуді тоқтату туралы шешім қабылдады.

Басылымның мәліметінше, Ресейдің Қаржы министрлігі Қырғызстандағы қазіргі жағдайды ескере отырып, осындай шешім қабылдаған.

Еске салайық, 2019 жылы Ресей Қырғызстанға 30 миллион доллар қайтарымсыз берген болатын.

Дереккөз мәліметінше, 2005 жылдан бастап Ресей 700 миллион доллардан аса қарызын алып тастады. Ал 2018 жылдың ақпанында қарыз толық есептен шығарылды.

Еске салайық, 5 қазанда Бішкектің орталығындағы "Ала-Тоо" алаңында парламент сайлауының нәтижесіне қарсы болғандар митингіге шыққан болатын. Олармен қарулы күштердің текетіресі сағат 20.00-ден бастап "Ақ үйге" басып кірумен аяқталды.

Дереккөз: tengrinews.kz

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524