Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Алаң 5619 6 пікір 16 Қазан, 2020 сағат 13:02

Әлемді жаңа империялар елесі кезіп жүр

Ресейлік VZ.ru басылымында саяси шолушы Андрей Медведевтің алаш баласына ой салар «Мир взялся за строительство новых империй» атты мақаласы жарық көрді.

Қарабақ соғысы және оған қатысушы сыртқы күштер шартты халықаралық құқықты көрге көмудің айқын белгісі болып табылады.

Бір түсінікті дүние аталған процесс КСРО-ның ыдырауынан бастау алды (Михаил Сергеевичке, бізде «Пицца Хат» болғаны үшін мың алғыс), әрі әлемде тек бір ғана бетерқағанат (сверхдержава) қалды. Жаңа консерваторлар XXI ғасыр Америка үстемдігінің дәуірі болады дегенге имандай сенді. Осы бір қисық кесте әлдебір әлемдік тәртіптің үлгісі деп танылып, жаһандық полицей әлденені өз бақылауына ала бастады.

Дәл қазір АҚШ біртұтас BLM, тезе салып тізе батыратын полиция, президент орынтағы үшін бастары шайқалған милары қозғалған ақсақалдар таласуда, бәрімзге айқыны Америка ендігі жерде ештеңені бақылап жетсітіріп отырған жоқ.

Осылайша, біз ескі келісімдердің түке алғысыз болып қалуын әм жаңа империялардың өмірге келуіне куә болудамыз. Олар ескі амбицияларға, территориялық талапқа әм корпоративтік әлеуеттілікке иек сүйейді. Ең айқын мысал – Түркия мен Қытай. Түркия төңірегіне барша түркі халықтарын топтастыратын «Неоосман империясы», «Ұлы Тұран» жобасын басқаша қалай атасаң да өзің білесің.

Қытай экономика, инвестиция және қауіпсіздік арқылы өз моделін өмірге әкелуде. Біз сіздерден бағынышты болуды талап етпейміз, қайта біздің жаһандық корпорациямыздың аға әріптестері болсаңдар болғаны дейді. Осылайша Қытай Африкаға басын сұқты. Осылайша Қытай орыс ықпалын жоққа шығарып, Сербияда жұмыс жасап жатыр. Тап осылайша Пәкістан, Ауңвнстан, Орта Азияда өз білгенін істеуде. 

Өз кезегінде Франция өзін Еуропада, Африкада және Шығыс Жерорта теңізінде ерекше ойыншы кейпінде сезінеді. Француздар Сүрия, Орталық Африка Республикасында және Малиде соғысуда. Олардың әскерилері Еуропаны лаңкестерден қорғаудамыз дегенге бек сенімді. Ливияны дүрбелеңге ұрындырғанда француздар. Ливанға қамқор қолын созып, ел теріс қараған Тегеранға жылы қабақ танытты. Француздар өз прокси-империясын құра бастады. Түріктің де, француздың да өз ойлағандары өздерінде.

Британиялық прокси-империя өмір сүре бастады. HSBC сынды жаһандық банк желісі арқылы, жоо арқылы, дәстүр арқылы (Канада немесе Австралия), өзгелердің өз елінде жымқырғандарын Лондонда сақтауы арқылы дегендеріне жетіп отыр.

Герман үлгісі – Еуропаға экономикалық бақылау жасап, шеткері орналасқан Грекия немесе Украина сияқтыларды сығарға битін қалдырмай тонау. Поляктар да жатса тұрса жаңа Речь Посполитаны қалпына келтіріп, Белорус пен Украинаға өз еркін таңуға кет әрі емес. Бұл демократияға деген махаббат та емес, ерек русофобияда емес. Бұл – Польшалық «от можа до можа» ұранды империялық қайыра түлеуі.

Иран да ешкімнен қалыспай шиит белдеуін түзуге кірісті. Шиит белдеуі Ирак пен Сүрия және Ливанға дейін созылады. Қызылбастар Ауғанстан мен Тәжікстанда Қытаймен текетіресуде. Олар бұнымен тоқталмай, Йемен арқылы саудиттерге өз дәттерін айтуда. Бұнысы нәтиже беріп, бұрын бірін-бірі ит етінен жек көретін Израиль мен Бұғаз монархиясын аяқ астынан ауыз жаластырды.

Яғни, таяу жылдарда біз жаңа империялардың өзара соқтығысуының куәсі боламыз. Бұл жаңа тарихи кезеңде БҰҰ қауқар қылуға жарамайды. Бұл ақиқат шындық. Мені толғандыратын жалқы сауал: «Осы жаңа әлемдегі Ресей рөлі». Ресей өз мүддесін қалай қорғай алады? Кіммен бірігіп, қандай модель түзуге қам жасайды? Егер Ресей 2.0 өмірге келе қалса, онда сыртқы саясат та, ішкі саясат та мүлдем басқаша кейіпке енеді емес пе!? Тап осы кезде Александр Үшінші дәуіріндегі сүмірейіп, Кушкада қолға түскен ағылшынның нұсқаушыларын қамшымен қуалап жүріп сабайтын күн бізге де туады. Осы сабағаны үшін патша ағзам генерал Комаровқа алтын қылыш тарту еткенін естен шығармайық. 

Жабыла қандай үлгі бізге қолайлы, оны қалай түземіз төңірегіндегі күрмеуі қиын мәселені біржайлы етпесек, бәрінен кеш қаламыз. 

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

6 пікір