Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегінің өтетін күні, орны және қарсыласы анықталды.
Спорт басылымының мәліметінше, отандасымыз келесі айда жекпе-жекке шығады. Кездесу 28 қарашада Лас-Вегаста өтеді. Жұмағұловтың қарсыласы Швеция өкілі Амир Албази болады. Қазақстандықтың қарсыласы алда жекпе-жек болатынын өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Екеуі де UFC-де дебютті шілдеде жасаған. Ол кезде Жұмағұлов төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты, ал Албази жеңген еді.
Еске салайық, қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалған болатын. 31 жастағы Жұмағұлов промоушендегі алғашқы жекпе-жегінде бразилиялық 24 жастағы Раулин Пайвамен үш раундтық кездесуге шыққан еді.
Abai.kz