Сәрсенбі, 14 Қазан 2026
3544 2 пікір 20 Қазан, 2020 сағат 11:29

Пашинян мен Алиев келіссөзге дайын

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Мәскеуде Әзербайжан президенті Ильхам Алиевпен Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты бейбіт келісімге келуге дайын екенін жеткізді.

Пашинян өзінің ұстанымын ТАСС агенттігіне берген сұқбатында жеткізді. Ереван Таулы Қарабақ мәртебесін халықтың өзі шешуі тиіс деп отыр.

Ильхам Алиев та ТАСС агенттігіне сұқбат беріп, жанжалды реттеу үшін келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді. "Біз де бейбітшілікті қалаймыз, бірақ Армениядан ерекшелігіміз, заң бойынша өзімізге тиесілі жерімізді өзімізде қалғанын қалаймыз", - деді ол.

"Новая газета" жазуынша, мойындалмаған Таулық Қарабақ әскері 729 сарбаздың қайтыс болғанын мәлімдеген. Әзербайжан болса, нақты қайтыс болғандар санын жарияламады.

Дереккөз: Centralasian.org

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 991
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1344