Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
2675 0 пікір 21 Қазан, 2020 сағат 11:04

Райымбек Матраимов қолхатпен босатылды

Бішкек қаласы Бірінші май аудандық соты мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатты.

Күдікті сотқа дейінгі тергеу ісі аяқталғанша, елден кетпеу жөнінде қолхат жазып берген:

– тергеуші, прокурор, сот шешімінсіз тұрғылықты жерін тастап кетпеуі тиіс,

– тергеу ісіне кедергі келтірмеуі тиіс,

– шақырылған кезде тергеуге баруы тиіс, - делінген аудандық сот шешімінде.

20 қазанда Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимов ұсталған болатын.

Оның кеден органдарындағы жемқорлық фактілеріне байланысты қозғалған іс бойынша ұсталғаны айтылған.

17 қазанда Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті кеден органдарындағы жемқорлық фактілеріне байланысты сот өндірісі ашылғанын хабарлаған. Комитет өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік кеден қызметі жүйесінде 2016 жылдан бері Райымбек Матраимов пен кеден қызметінің өзге де лауазымды тұлғалары "ұйымдастырған жемқорлық схемасының" кесірінен мемлекетке ірі көлемде шығын келген.

Райымбек Матраимов есімі Азаттықтың Қырғыз қызметі, "Клооп" және Ұйымдасқан қылмыс пен жемқорлықты зерттеу орталығы (OCCRP) жүргізген журналистік зерттеулер топтамасында айтылған.

Журналистік зерттеулер топтамасы жарық көргеннен кейін Райымбек Матраимов, оның бауыры, парламент депутаты Искандер Матраимов, әйелдері сонымен бірге "Исмаил Ата" қайырымдылық қоры Азаттықты, журналист Әли Токтакунов пен "Клооп" сайтын сотқа берген. Искендер Матраимов осы іске байланысты берген сұхбатында ақпарат құралдары "өзінің беделін түсіру үшін материалдарды жариялады" деп айтқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3346
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6188