Сенбі, 12 Сәуір 2025
46 - сөз 5082 7 пікір 21 Қазан, 2020 сағат 14:45

Намысқа тиетін мүсіндерді таңдағандар жауапқа тартылуы керек

Дінмұхамед Қонаев бабамызға ескерткіш қойылғаны Қазақ елінде кімді де қуантары анық. Алайда соңғы мүсіннің осыншама ұсқынсыз, талғамсыз, тіпті қарапайым адам физиологиясына қайшы жасалғаны елдің негізді ашу-ренішін тудырып отыр.

Меніңше, бұл жай ғана кездейсоқтық емес, Қазақты әлдебір құбыжық етіп, өзіне өзін жеккөрінішті көрсетудің кезекті қаніпезер амалы.

Ең сорақысы - тегіс ұлтты осылай кемсіту біздің есебімізден болып отырғаны. Аталғандай масқара мен басынғандықты біржолата тыю керек.

Ол үшін осы да басқа намысқа тиетін мүсіндерді таңдаған, оны бекіткен, рұқсат берген, қаржы бөлген лауазым иелері қатаң жауапқа тартылып, оларға кеткен шығынды толық өтету керек. Жариялы түрде.

Және бұдан былай Қазақ асылдарының есімдерін асқақтатуға келгендегі шешімдер қоғамның толық бақылауымен жүргені міндетті.

Расул Жұмалының жазбасы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1820
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4625
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3661