Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6869 10 пікір 22 Қазан, 2020 сағат 12:32

Ескірген дәстүрлерді алып тастау қажет шығар

Біз қызықпыз. Әлі күнге дейін адамдар бір бірінің уйіне барса мата апарады. Бұрында мата апарғандарды түсінуге болады. Сол матадан киім тігіп алатын. Қазір енді киім тұрмақ матадан көрпе жастық та тікпейді ғой. Тіксең де қымбатқа түсіп кетеді. Не үшін бір бірлеріне мата таситыны түсініксіз.
Қай бір жылдары қазақша оюмен машинаның чехолі шыға бастады. Интернетте 35 000 теңге тұрды. 30 000-ға бер десем бермей қойды. Базарға барсам 12 000-нан толып тұр екен. Жалпы енді хэндмейд дегендер эксклюзив болып қымбаттап жатыр ғой. Бұрында кедейлер қолдан зат жасап, байлар магазиннің затын қолданса енді керісінше болып қалды. Біз екі ортада қалып кеттік.
Кейбір әйелдер ыдыс жинайды. Ол ыдысты өздеріне қолдануға да қимайды. Сөйтіп жүріп қайтыс болып кетуі де мүмкін. Аз ғана өмірде өз рахатына керек жарағын қолдана алмай, тықпыштап өмір сүретіндер де бар. Не үшін десейші. Заман өзгерді деп қойып 100 жыл бұрынғы дәстүрді ұстанып жүрміз. Кей жерлерде мынау қожа, мынау төре бұлар төрге шықсын деп қояды. Не үшін? Қандай құлдық психология деймін да. Бұл нәрселер көп адамдарды шаршатқанымен бәрі осыны жасайды. Не үшін екенін өзіміз білмейміз.
Мүмкін бізге де керек емес, ескірген дәстүрлерді алып тастап адамдардың өмір сүруін жеңілдететін реформа қажет шығар.
Сәбит Рысбаевтың жазбасы
Abai.kz
10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394