Бейсенбі, 15 Қазан 2026
4661 4 пікір 23 Қазан, 2020 сағат 13:35

Путин: Қарабақта 5 мыңдай адам қаза болды

27 қыркүйекте басталған Таулы Қарабақтағы қақтығыстар кезінде екі жақтан 5 мыңға жуық адам қайтыс болды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин айтты.

 «Қайтыс болғандардың саны екі тарапта да көп. Біздің мәліметтеріміз бойынша, екі жақтан бес мыңдай адам қаза болған», -деді Ресей президенті.

Путин Таулы Қарабақтағы жағдай бейбіт жолмен реттеліп, тараптар ымыраға келуі тиіс деп санайтынын білдірген.

«Ең алдымен атысты тоқтату керек. Олардың ымыраға келгенін қалаймын. Мен президент Әлиевпен де, премьер-министр Пашинянмен де тығыз қарым-қатынас жасаймын. Олармен күніне бірнеше рет телефон арқылы сөйлесіп жүрмін», - деді Владимир Путин.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1011
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1365