Сенбі, 23 Қараша 2024
3462 1 пікір 23 Қазан, 2020 сағат 13:48

Алматы жастары «Борат-2» фильміне наразылық білдірді

Бүгін Алматының белсенді жастары АҚШ-тың Бас консулдығына жиналып, «Борат-2» фильмінің шығуына байланысты наразылықтарын білдірді. Бұл туралы «Араша» сайты жазды.

Олар қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, тіліне, діліне, бабалар өсиет етіп қалдырған салт-дәстүріне нұсқан келтіретін фильмнің көрсетілімін тоқтатуды талап етті.

«Біз Қазақстанның патриот жастары ретінде Саша Барон Коэн түсірген «Борат-2» фильмінің жарыққа шықпауын талап етеміз. Ұлтымызға кері әсерін тигізетін, қазақ халқының намысына, еліміздің абыройына нұсқан келтіретін фактіге қарсы шешуші әрекеттер жасау керек деп санаймыз», - деді жастар. Осыдан кейін белсенді топ АҚШ-тың Бас консулдығына наразылық петициясын табыстады.

;feature=emb_title

Видео youtube-тағы TENGRI TV арнасынан алынды

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394