Той жасаған мейрамханаларға айыппұл салынып жатыр
Алматының мониторингтік топтары мегаполис аумағында шектеу шараларының сақталуын бақылауды күшейтіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
24 қазанда шектеу шараларын сақтау бойынша 59 тексеру іс-шарасы өткізілді. Ереже бұзған 11 нысан анықталды, оларға 230 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал қайталанған жағдайда нысандар қызметін сотпен тоқтата тұру мәселесі қаралады.
- AINABAI HALL мейрамханасында 50 адамға құдалық болған;
- "Томирис" мейрамханасында 40 адамға той өткізілген;
- "Бодрум" мейрамханасында 70 адамға арналған үйлену тойы өтті;
- "Зере" дүкенінде санитайзерлер болмады, сатушы маскасынсыз отырды;
- Happy event дүкенінде жұмыс орнында сатушыларда қорғаныс маскасы болмады, дезинфекциялық кілемшелер мен санитайзерлер жоқ;
- "Алтын Ару" тәттілер дүкенінде сатушы жұмыс орнында қорғаныс маскасыз және қолғапсыз болды, дезинфекциялық кілемшелер мен санитайзерлер болмады, журналға деректерді енгізе отырып, қызметкерлерді термометриялау жүргізілмеген;
- "Агибаева" азық-түлік дүкенінде келушілерге арналған санитайзерлер болмады.
Наурызбай ауданының салтанат залында 100 адамға арналған той өткізілді.
Алмалы ауданында жұмыс режимін бұзған нысандар анықталды (сағат 23.00-ден кейін істеу, кальян сату). Олардың қызметіне тыйым салынды:
- "Мята" лаунж-бары сағат 23.00-ден кейін жұмыс істеген, келушілерге кальян сатқан;
- "Гранд опера" караокесінің қызметіне уақытша тыйым салынды;
- Finik кафесі сағат 23.00-ден кейін жұмыс істеген, келушілерге кальян сатылған.
Жергілікті полиция қызметі мен мемлекеттік-құқықтық бөлім құрамындағы мониторингтік топтар карантин шараларын, әлеуметтік қашықтық пен бетперде тағу режимін, сондай-ақ рұқсат етілген сауда объектілерінің жұмыс режимін сақтау бойынша қала тұрғындарына ақпараттық хабарландыру жүргізетінін атап өткен жөн. Ақпараттық құлақтандыру магистраль көшелер, аулалар және қала тұрғындарының көпшілік демалатын орындарында жүргізіледі.
Abai.kz