Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
6333 6 пікір 30 Қазан, 2020 сағат 13:25

Қазақстанда зейнетақы жүйесін өзгерту ұсынылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның зейнет жүйесін 2030 жылға дейін жаңғырту бойынша концепцияны өзгертуге байланысты ұсыныстарын жариялады.

Қаулы жобасы «Ашық ҮЕҰ» сайтында жарияланды. Қоғамдық талқылау 2020 жылғы 12 қарашаға дейін порталда жалғасады.

Министрлік жариялаған концепцияда 2028 жылдан бастап базалық зейнетақыдан ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға ауысу ұсынылды. Ведомстводағылар мұндай өзгеріс мемлекеттік кепілдік беру механизмін ынталандырады, еңбек өтілі ұзақ азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысу деңгейін арттырады деп есептейді.

Зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдіктерін қолайлы деңгейде беру мақсатында базалық зейнетақыны тағайындаудан ең төменгі кепілдік берілген зейнетақыны тағайындауға өту жүзеге асырылатын болады (2028 жылдан бастап).

1) зейнетақы жүйесіне кемінде 5 жыл қатысу өтілі бар адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайыз мөлшерінде ең төменгі кепілдік берілген зейнетақы белгіленсін;

2) зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 5 жыл болған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайыз мөлшерінде базалық зейнетақыны айқындау, 5 жылдан асқаннан кейін әрбір жылға оның мөлшері 2 пайыза ұлғайтылатын болады;

3) базалық зейнетақы тағайындауды алып тастау;

4) базалық зейнетақы алушылар үшін ең төменгі кепілдік берілген зейнетақыны базалық зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілген зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып есептеу ұсынылады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963