Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
4154 1 пікір 30 Қазан, 2020 сағат 13:31

ШҚО-да 13 санитарлық бақылау бекеті қойылады

Шығыс Қазақстан облысында бірінші қарашадан бастап карантиндік режим күшейтіледі.

Өңірдің сыртқы және ішкі кіреберіс аумақтарында 13 санитарлық бақылау бекеті орнатылады. Оның жетеуін Өскеменге қою жоспарланған.

Облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қаулысында бұл бекеттердің қашанға дейін тұратыны санитарлық-эпидемиялогиялық ахуалға байланысты өзгеретіні ескертілді.

Құжатқа сай облыс және Өскемен аумағына кіріп-шығуға тыйым салынады. Бірақ өңір ішінде қозғалуға рұқсат.

Мерекелік іс-шара өткізу үшін жеке үйлерді жалға алуға болмайды. Мемлекеттік органдарға азаматтарға жеке қабылдау жүргізуге тыйым салынады.

Сұлулық салондары мен шаштараздар таңғы 9-дан кешкі 7-ге дейін жұмыс істеуі тиіс.

Ұлттық құрамаларға санитарлық талаптарды сақтай отырып, спорттық жаттығуларды жалғастыруға болады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963