Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
3237 2 пікір 2 Қараша, 2020 сағат 10:56

Беларусь билігі шекараны жапты

Беларусь билігі 1 қарашадан бастап шетел азаматтары үшін шекараны жапқанын жариялады. Ресми Минск бұған коронавирус пандемиясы себеп болып отыр деді.

Бірақ дипломатиялық төлқұжаты бар азаматтар және Беларусьта тұруға рұқсаты бар азаматтар кіре алады. Беларусь пен Одақтық мемлекет құрып жатқан Ресей азаматтарына транзит үшін ғана рұқсат беріледі.

Бірақ Минск әуежайлары арқылы елге келгендерге шектеу болмайды.

Еуропа елдеріне қарағанда, Беларусьта коронавирусқа байланысты ешқашан карантин енгізілген емес. Александр Лукашенко бірнеше рет мәлімдеме жасап, жалпыұлттық деңгейде шектеулер керек емес екенін мәлімдеген. Жаз кезінде де шекарасын жапқан емес.

Беларусь шенеуніктерінің шекараның жабылуын наразылық акцияларымен байланыстырған пікірлері жоқ. Тек Лукашенко осыған дейін Польша мен Литваның Беларусьқа қарсы агрессиялы жоспары бар екенін айтып, олармен шекараны жапқанын мәлімдеген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1511
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3126
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1119
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1043