"Біртұтас ұлттық қозғалыс" лидерлерінің бірі Саломе Самадашвили митингте партия дипломатиялық миссия басшыларына биліктің "Грузин арманы" партиясының сайлаушылардың дауысын қалай сатып алғанын дәлелдейтін құжаттарды ұсынауға дайын екенін жеткізді.
Сайлау өтіп, учаскелер жабылған бетте "Грузин арманы" жақтастары митинг өткізді. Оның лидері Бидзина Иванишвили жеңіске жеткенін мәлімдеді.
ЕҚЫҰ бақылаушылар делегациясы елде өткен сайлауға оң баға берді. Бірақ сайлау кампаниясы кезіндегі кемшіліктерді атап өтіп, қаржыландыруды бақылау жеткіліксіз деген.
Алдын ала мәлімет бойынша, бюллетеньдердің 90 проценті тексеріліп, "Грузин арманы" 48,05 процент дауыс жинаған — бұл үкімет жасақтауға толық мүмкіндік береді. "Күш бірлікте" бірлескен оппозициялық қозғалыс 27,07 процент дауыс алған.