Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3615 0 пікір 20 Қаңтар, 2012 сағат 06:59

Мәжіліс: «Шенеуніктің ажалы»

Шенеунік десе, көз алдыңызға қандай адамның кейпі келеді? Әркім әртүрлі айтар. Алайда, түрлі-түрлі әңгімелердің түпкі ағысы тоғысады. Неге? Себебі, қай заманда да шенеунік атаулының психологиясы, болмыс-бітімі өзгермейтінге ұқсайды. Мысалы, орыс жазушысы Антон Чеховтың әйгілі «Шенеуніктің ажалы» деген әңгімесінің кейіпкерін өткен шақтан іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Өйткені, олар - шенеуніктер қай заманда да Чехов жазғандай қалыптан шықпайды. Шенеунік атаулы да ұлт болмайды. Тек бастық қана болады.

Орыс жазушысы Чеховтың әңгімесінде Червяков деген шенеунік (Червяк - жауын құрт) бір қойылымды көріп отырған кезде абайсызда түшкіріп жібереді. Жазушы түшкірудің табиғи нәрсе екенін айта келіп: «құпия кеңесшілердің өзі түшкіреді» дейді. Алайда, түшкірген кезде алдыңғы орындықта отырған тағы бір әскери шенеунік - генерал Бризжаловтың жалтыр басына түшкірігінің шашырандысы түсіп кетті ме деп қатты қапа болған Червяков әңгіме барысында бірнеше рет генералға байқаусызда түшкіріп қойғанын түсіндіріп, кешірім сұрамақ болады. Бірақ, генерал оған мән бермейді. Червяков үйіне келген кезде болған жайды әйеліне айтып береді. Әйелі Бризжаловтың күйеуінің бастығы емес екенін білген соң жүрегі орнына түседі. Десе де, «кешірім сұрағаның жөн ғой» деп жарына жол сілтейді. Ақыры, Червяков генералдан кезекті рет кешірім сұрамаққа барған кезде түкке тұрмайтын нәрсе үшін қайта-қайта мазасын алған кішкентай шенеунікке  генерал «Жоғал!» деп айқай салады. «Жоғал» деген сөзден  зәресі ұшып, құты қашқан Червяков үйіне келіп, киімшең жантайып жатқан күйінде жүріп кетеді. Бар болғаны  - осы.
Бастығынан басқаны танымайтын шенеуніктерге ортақ тағдыр. Қандай аянышты.
Дәл қазір Астанада жаңа Мәжілістің отырысы өтіп жатыр. Оған Қазақстандағы үлкен шененуніктердің бәрі қатысып отыр. Ал, кішкентай шенеуніктер тағдырының үкімін күткендей жиыннан шығатын шешімдерді тағатсыздана күтіп отыр. Ал, біз шенеуніктердің бірі байқамай түшкіріп қоя ма деп қорқып отырмыз...

«Абай-ақпарат»

Чеховтың «Шенеуніктің өлімі» әңгімесінің орыс тіліндегі нұсқасын мына жерден оқи аласыздар: http://chehov.niv.ru/chehov/text/smert-chinovnika.htm

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371