Сенбі, 23 Қараша 2024
3293 2 пікір 3 Қараша, 2020 сағат 11:04

Таулы Қарабақ: жанжал басталғалы бері мыңнан астам сарбаз қаза тапты

Өзін өзі жариялаған Таулы Қарабақтың армиясы 27 қыркүйекте жанжал басталғалы бері 1200 сарбаз қайтыс болды деп мәлімдеді.

Бұдан бөлек 2 қарашада жалдамалы 20 түрік сарбазының оққа ұшқаны туралы мәлімет таратты. Армения премьер-министрі Никол Пашинян Бакуге қатысты халықаралық тергеу жүргізуге шақырды.

Осыған дейін Анкара мен Баку Таулы Қарабақта Әзербайжан жағында түрік сарбаздары соғысып жатыр деген ақпаратты теріске шығарған.

2 қарашада Әзербайжан қорғаныс министрлігі Арменияны біздің аймаққа оқ атты деп айыптады. Әзербайжан президенті Илхам Әлиев егер Ереван Таулы Қарабақтан әскерін шығаратын болса, Баку соғысты тоқтатады деп мәлімдеді.

Қазан айының соңында Әзербайжан және Армения сыртқы істер министрлері Женевада кездесіп, бейбіт тұрғындар тұратын аймаққа оқ атылмайды, тұтқындар алмастырамыз деп келіскен.

Қыркүйек айының соңында Таулы Қарабақта жанжал басталғалы бері Баку мен Ереван бірнеше рет бітімге келген. Бірақ оның бірі де орындалмады. Екі тарап та бітім шартын бұзды деп бірін бірі айыптап келеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371