Ол 5 қазанда митинг кезінде қайтыс болған Умутбек Алтынбек уулуның өліміне кімнің жауап беретінін айтты.
"Умутбек ұмытылмайды. Ол біздің жүрегізімде мәңгі қалады. Кінәлілер жауапқа тартылады. Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшыларына іздеу жарияланды. Оқ атуға кімнің тапсырма бергенін анықтап жатырмыз", - деді Жапаров.
5 қазанда Ала-Тоо алаңында парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген саяси партиялардың жақтастары жаппай митингіге шыққан. Акция жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Нәтижесінде 19 жастағы Умутбек Алтынбек уулу қаза тауып, 900-ден астам адам жараланды.
9 қазанда президент Сооронбай Жээнбековтің жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы болған Орозбек Опумбаев қызметінен алынды. Ал ішкі істер министрі болған Кашкар Жунушалиев жаппай тәртіпсіздіктен кейін қызметіне қайта келмеді. Қазір оның қайда екенін ешкім білмейді.
Abai.kz