Сенбі, 23 Қараша 2024
3077 0 пікір 3 Қараша, 2020 сағат 13:30

Түркиядағы жер сілкінісінен 95 адам қаза тапты

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 95-ке жетті. Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді. 

Зілзала салдарынан қаза тапқандар саны күн сайын артып келе жатыр. Бұған дейін қаза тапқандар саны 92, ал зардап шеккендердің саны 994-ке жеткені белгілі болған.

"Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 95-ке жетті", - делінген республиканың төтенше жағдайлар және апаттарды басқару агенттігінің хабарламасында.

Жер сілкінісі кезінде 1385 афтершок болған.

Еске салайық, 30 қазанда Түркияда 6.6 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентр - Измир провинциясының Сеферихисар қаласы. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апат салдарынан 76 адам қаза тапқан. Көптеген адам баспанасыз қалған. Жер сілкінісі салдарынан Измирдегі 20-дан аса ғимарат зардап шеккен. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364