Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5394 15 пікір 3 Қараша, 2020 сағат 14:35

Кім қай дінге сенеді?

Негізі, онтологиялық тұрғыда сұрақ дұрыс қойылмаған... Адам дінге сенбейді.

Адам тек аса құдыретті Бір Жаратушыны бар екенін мойындайды: Сенсе - Соған сенеді, сиынса - Соған сиынады....

Ұлы Жаратушының бар екенін әр халықтар әрқалай түсіндіретіндіктен - ол халықтың ол түсінігі Дін деп аталады.

Сол себепті, әр халықтарда әртүрлі Діндер пайда болып, олар тек өз жолымен, "Құдай болмысын" өз мәдени даму деңгейімен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен байланысты түсіндіреді.

Арабтар оны Алладан тапты, көне түркілер оған дейін көп ғасыр бұрын Тәңірін тапқан...

Сол сияқты барлық өзге халықтар "өз құдайларын" жасап шықты...

.....Арабтың "құдайы" бүгінде қазақтың да құдайына айналды...

Бірақ, олардың "дүние жаратылысы мен болмысын" түсіндіруі қазақтың "құлдық" дегенді қаламайтын дәстүрі мен санасына, қазақ халқының номадтық еркін (азат) болмысына сай келмей - бүгінде қазақ осы мәселеде әрі-сәрі күй кешуде...

Қазақ жаны әрбір басқан қадамын "аңдып отыратын", ішкен бір тамшы суына дейін "өлшеп беретін" ол құдайдың "мінезін" қабылдай алмай, оны "Түркілік қалыпқа келтіріп аламыз" деп әуреге түсуде...

Алайда, оның орына ол дін "қазақтың өзін басқа қалыпқа бұруды" күшейтіп барады... - "Тәңірдің бір аты Алла" деп емес, "Алланың бір аты Тәңір"" деп.

.....Иә, халық өзінің бұрынғы табиғи түрде өз дәстүрімен біте қайнасып танылған Тәңірін ұмытқан соң солай болады да!

Әбдірашит Бәкірдің жазбасы

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364