Мұхтар Әуезов. Қазақ халқының ұлы ақыны (басы)
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің кұлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шам-шырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.
Иә, өзі өмір кешкен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ болды. Ал ол біз үшін жұмбақ па?
Біз Абайды қазір қараңғы жұмбақ ретінде емес, қазақ әдебиетінің шам-шырағы ретінде қабылдаймыз. Социалистік ұлы Отанның өзара ортақ идеяларымен, күресімен, жеңістерімен туысып кеткен халықтары Абайды қастерлеп еске алады.
Ақынның қайтыс болғанына елу жыл өтті. Бірақ біз үшін Абай өткен күннің ғана ақыны емес, халықтың алға қарай қажырлы ұмтылуында акын онымен бірге болды - ал мұндай акын өлмек емес, өйткені оның шығармаларына уақыт шек қоя алмайды.
Қазақ халқы бір кезде адамның өмірін мүшелмен санаған. Ал поэзияның аңыз болған қайнары Әбілхаяттан мәңгі суын татқан жыршы үшін мүшел ғасырлармен өлшенеді. Өзінің еңбегін жете бағаламаған және аз түсінген замандастарын артқа тастап, Абай дәл бүгінгідей, біздің қасымызда тұр.
Халқының күресі мен азабын, тағдырын өз үлесіне алған ақынның есімін біздің әділетті совет халқы аса қастерлейді. Абайдың қайтыс болғанына елу жыл толғанын атап өте отырып, біз ақынның уақыт сынынан мүдірмей өткен ұмытылмас, қымбатты және ұлы мұрасын еске аламыз.
Өзінің көптеген тұстастарының айтуына қарағанда Абай өлеңді өте ерте, он екі жасынан бастап шығарған. Оның бұл кезенде шығарғандарының көпшілігі бізге жеткен жоқ. Абайдың жас кезіндегі өлеңдерінің кейбіреулері және бірқатары ұмытылған, болмаса жоғалып кеткен, шығармаларының аттары ғана сақталған. Мысалы, сүйікті қызы Тоғжанға арналған өлеңдерінің тек бастапқы жолдары ғана белгілі, жас Абайдың ақын қыз Қуандықпен айтысуының ауызша мазмұны ғана сақталған. Қазақстанда ол кезде жазу, сызу нашар дамыған болғандықтан бізде Абайдың жас кездегі өлеңдерін сақтаған, онын, өмір тарихын баяндайтын, тұстастары жазған мемуарлар, хаттар, жазбалар жоқ. Үстем тап өкілдерінің ақынға деген қатынасының да салқыны бұған аз тиген жоқ. Егер халық поэзияны терең қастерлеп, ақын атын жоғары бағаласа, ру байлары: «Құдайға шүкір, біздің рудан бір де ақын, бір де бақсы шыққан жоқ» деп күпінетін. Поэзияға осындай көзқарастың әсерімен Абай өзінің көптеген өлеңдерін жақсы достарының атынан таратқан.
Ру таластарының қым-қуыт дау-жанжалына амалсыз араластырылған Абай әкесінің әділетсіздігімен, қаталдығымен келісе алмады және көп істерге, әкесінің ырқына көнбей, әділ үкім шығарып отырды. Абайдың халық арасынан шыққан адал, ақылгөй адамдармен дос болуы және жас кезінен бастап орыс мәдениетіне бой ұруы Құнанбайға ұнамады. Қатал, айлалы әке мен әділетті, қайсар баланың арасында елеулі тартыстар жиі-жиі болып тұрды.
Жиырма сегіз жасқа келгенде Абай әкесімен біржола ажырасады. Ол енді тағдырын өзі белгілей алатын болады. Абай, ең алдымен, орыс тілін үйренуге қайтадан бет бұрады.
Оның жаңа достары, негізінен, кедей рулардан шыкқан талантты жастар, ақындар, жыршылар және орыс интеллигенциясының таңдаулы өкілдері болады. Есейген, мәдениеті өскен Абай орыстың классикалық әдебиеті мен Шығыстың халық творчествосын оқи бастайды.
Отыз бес жасқа келгенде ғана Абай творчествоға қайта оралады. Бірақ бұл кезеңде де Абай өз өлеңдерін жас достарының атынан таратады. Тек 1886 жылы, қырық жастан асқан соң «Жаз» деген атақты өлеңін жазғаннан кейін ғана Абай шығармаларына өз атын қояды.
Отыз жастарға келгенде Абай феодалдық-рулық ортадан біржола түңіледі. Ол патша үкіметі тұтандырып отырған рулық тартыстың халық үшін өте ауырға соғатынын анық көреді.
Нағыз акын, әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін түсіндіруге тырысты. Өзінің өлеңдерінде ол феодалдық-рулық билеп-төстеушілерді аяусыз әшкерелейді және халықты өнер-білімге шақырады.
Абай орыстың жер ауып келген жетпісінші-сексенінші жылдардағы революционерлерімен танысады. Олар - революцияшыл интеллигенциясының өкілдері, Чернышевскийдің жолын куушылар еді. Солардың бірі Е. П. Михаэлис - Щелгуновтың жақын досы, белсенді қызметтесі болған.
Михаэлис те, сондай-ақ Семейге кейінірек жер ауып келген оның пікірлестері де жас адамдар болатын. Абайдың олармен таныстығы кешікпей үлкен достыққа айналады. Орыс достары Абайдың өз бетімен білім алуына ерекше назар аударып, зор көмек көрсетеді. Олар Абайдан қазақ халқының тарихы, поэзиясы, әдет-ғұрпы және искусствосы жайында көп мәлімет алады, өздеріне бейтаныс өлкенің табиғи-географиялық, экономикалык жағдайларын, тұрмысын зерттейді. Мешеу қалған қиырдағы өлкеге орыс мәдениетін тұңғыш таратушылар да, халықтың өмірі мен тұрмысын өзгертудің, оны ағартудың жақтаушылары да солар болды. Біз Михаэлистің көптеген еңбектерін және Леонтьевтің «Обычное право у кир¬гизов» деген көлемді зерттеуін білеміз. Орыстың демократиялық интеллигенциясының бұл өкілдері халықты ағартуды царизмге қарсы күрестің манызды құралы деп санады. Абай сияқты адамдарды орыс әдебиеті классиктерінің және орыс мәдениетінің басқа да алдыңғы қатарлы өкілдерінін мұрасымен таныстыру - олар үшін, әрине, маңызды міндет болды.
Абайдың бұл достары орыстың ұлы жазушылары мен алдыңғы қатарлы саяси-әлеуметтік қайраткерлерінің еңбектері мен ойларында бейнеленген орыс халқы туралы шындықты қазақ өлкесінің калың еңбекші бұкарасына жеткізуге тырысты. XIX ғасырдағы азаттық идеяларға толы орыстың классикалық әдебиетінің асқан гуманизмі мен терең революцияшылдығы, оның царизмге қарсы өшпенділігі, оның езілген бұқараны қорғап көтерген өшпес дауысы Сибирьде де, Қазақстанда да қоғамдық ойды өмірге оятты, тәрбиеледі.
Ал, Абай болса қазақ халқының ғасырлар бойғы қараңғылықтан құтылатын бірден-бір дұрыс жолы - орыс және қазақ мәдениетінің жақындасуында деп білді.
Ұлы ақын-ағартушы халықтардың туысқандығы мен достығы идеяларын жақтаушы болды Өзінің өлеңдерінде ол қазақ халқына орыс халқын патша отаршылдарынан айыра білуді көрсетуге тырысты.
Тура тілді кісіні дейміз орыс, Жиреніп, жылмандықты демес бұрыс. Жылпылдақтап айрылып, сенісе алмай Адамдықты жоғалтар ақыр бұл іс. Сенімі жоқ серменде сырды бұзды. Анық таза көрмейміз-досымызды Қылт етпеге кеңілдің кешуі жок, Жүрегінде жатады өкпе сызы. Дос асықтың болмайды бетендігі Қосылған босаспайды жүрек жігі.
Орыс халқының рухани мәдениетінін, нағыз бағалылықтарын тауып, таныған шақта Абайдың ой өрісі мейлінше кеңейеді. Абай Пушкин мен Лермонтовтың, Крыловтың, Салтыков-Щедрин мен Лев Толстойдың құштар ардақтаушысы болады. 1886 жылдан бастап ол Крылов, Пушкин, Лермонтовтың шығармаларын қазақ тіліне аударады.
Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге музыкант, қазақтың халық музыкасын терең білген, жете бағалаған адам болды. Ол бірқатар мелодиялар шығарды. Ақынның мелодиялары, негізінен, оның қазақ поэзиясына жаңалық енгізген өлендеріне («Сегіз аяқ», «Алты аяқ», т. б.) арналған еді. Ол өзінің «Евгений Онегиннен» жасаған үзінді аудармаларына да осындай мелодиялар шығарған. 1887-89 жылдарда Пушкин есімі және оның геройлары Онегин мен Татьянаның есімдері сол әндермен бірге бүкіл далаға кең таралды, қазақ халқы үшін қазақ ақындары мен қазақтың эпикалык поэмаларының геройларындай сүйікті, жақын болып кетті.
Сексенінші жылдардың аяқ кезінде ақын, ойшыл, му¬зыкант Абай халық жақсы білетін әрі аса қадыр тұтатын кісі болады. Оған тіпті алыс жерлерден ақындар, музыканттар, жыршылар келеді. Даңқты Біржан, соқыр ақын Ажар, Қуандық, Сара және басқалар оның өлеңдерін бүкіл кең далаға таратады.
Мұқа, Ақылбай, Кәкітай, Мағауия сияқты жас таланттар, ақындар, жыршылар Абайдың төңірегіне топталады. Олардын кейбіреулері Абайдан үлгі алып, өздігінен білімін көтереді, орыс әдебиетін оқып үйренеді, тарихи, романтикалық және салт поэмаларын жазады.
Абайдың маңына теқ қазақтар ғана емес, шығыс халықтарының қуғынға ұшыраған (көбіне татар жастары), азат ойлы адамдары да келеді. Сибирьдегі ссылкадан өз еліне қашып бара жаткан кавказдыктар Абай аулында айлап жатып қонақ болады, Абайдың ауылы бірте-бірте Шығыстың прогресшіл ойдағы, алдынғы қатарлы адамдары келетін орталыққа айналады.
Абайдың талантын бағалаушылардың саны жыл сайын молая береді. Тек Абайдың өз өлендерін ғана емес, сонымен бірге оның достарынын да шығармаларын ел ішінде көшіріп алып, жаттап, әнге қосып айтады. Батыс және орыс жазушыларының Абай оқыған романдарының мазмұнын тыңдаушы - ертекшілер ауызша түрде бүкіл далаға таратады. Орыс халқынын Ұлы Петр туралы ертегісі, Лермонтовтын. поэмалары, Лессаждың «Хромой бес», тіпті Дюманың «Үш мушке¬тер», «Генрих Наварский» сияқты шығармалары (соңғыларын Абай орысша аудармасынан оқыған) шығыстың «Шаһнама», «Ләйлі - Мәжнүн», «Кероғлы» сияқты поэмалары далаға осылайша келген.
Абай өзінің балаларын орыс мектебінде оқытады. Әбдірахман деген баласы Петербургтағы Михайлов ар¬тиллерия училищесін бітірген. Ал Ақылбай, Мағауия сияқты балалары әкесінің жолын куып, ақын болады. Ақылбай «Дағыстан» атты сюжеттік романтикалық поэма жазады. Мағауия шығармаларының ішіндегі ең тәуірі - Абайдың ақыл-кеңесімен жазылған, құлдың қожасы плантатормен күресін суреттейтін «Медғат- Қасым» поэмасы (Поэманың оқиғасы Нилдің жағасында болған).
Абайдық және оның достарының ақындық, ағартушылық және әлеуметтік қызметі феодалдық ауылдың ескілігіне, рушыл даугерлерге, халықты қанаушыларға және соларға сүйенген царизмге қарсы бағытталады
Абайдың енбектері, оның әлеуметтік қызметі және үстем тапқа өшпенділігі, царизмнің сенімді жалдаптары дала феодалдарының ызасын келтірді. Олар білімді, кайсар ақын ту еткен идеяларға және акынның өзіне қарсы лас, зұлымдық тартыс жүргізді. Абайдың бұл жаулары чиновниктермен, билеуші таптын интеллигенциясымен бірлесе отырып қимылдады.
Абай царизм үшін қауіпті адам қатарына, Далалык өлкенің генерал-губернаторына дейін жетеді. Шындықтың батыл жаршысы, әлеуметтІк тәртіптің әшкерелеушісі болған ақынды приставтар, уряднйктер, болыстар үнемі аңдуға алады.
Бірақ ақынның жаулары халықтың Абайға деген сүйіспеншілігінен қаймықты, сондықтан да олар акынға қарсы ашық қимыл жасай алмады. Олар тартыстың не бір опасыз турлерін пайдаланды. Ру басыларының бірі, Абайдың қас жауы - Оразбай өз маңына даланың Абайға қарсы азулыларының барлығын топтайды. Олар ақынның достарын қудалады, ал Абайдың үстінен губернаторға, уезд бастықтарына, патша соттарына айыптау арыздар, домалақ хаттар жолдады, ақынның өз басын «ақ патшаның жауы», «бүлікшіл», «әкелер мен ата-ба-балардың әдет-ғұрпын, салт-жоралғысын бұзушы» деп кіналады. Осындай арыздардың салдарынан бірде Абайдың аулына Семей қаласы полицмейстрінің өзі жанына жандармдар отрядын ертіп келіп, тінту жасайды. Ал, 1897 жылы билеушілердің көрінеу-көзге демеуімен феодалдар Абайға қарсы опасыз қастандық жасайды.
Семейдің губернаторы да Абайға талай рет көзін тікті. Бірақ ақынның ез халқы арасындағы беделінен каймығып, ол Абайды жер ауып келген достарынан айырумен, олардың тығыз байланысын үзумен ғана шектелді.
Бірақ Абайды халықтан бөліп алуға болмайтын еді. Тіпті алыстағы уездерден көптеген адамдар Абайды іздеп келіп, ақыл-кеңес сұрайтын. Ру арасындағы үлкен-үлкен дау-тартыстарда ел ең әділ би Абайдың үкіміне, соның төрелігіне құлақ асатын. Мысалы, Қек-тұма, Қарамола, Балқыбек съездерінде Абай әділетті үкім айтып, қалың халық бұқарасының мүддесін қорғ йды.
Абайдың әлеуметтік қызметі мен акындық шығармалары дала жастарының арасында, әсіресе, белгілі болды. Көптеген жиындарда, ойын-тойда, қыз ұзатып, келін түсіргенде жыршылар мен ақындар Абай өленін айтатын. Абайдың өз аулының қыздары ұзатылғанда өздерінің жасауларының ішінде Абайдың өлендері мен поэмаларының, нақыл сездерінің қолжазба жинақтарын ала кететін болған. Мысалы, Әсия, Уәсила, Рахила сияқты және басқа да қыздардың сондай қолжазба жинақтары осы күнге дейін сақталған.
Даланың атқамінерлері мен байлары Абайдың даңқы халық арасына кең тарағанын көре алмай, ақынды және оның достарын куғынға ұшыратқанын жоғарыда айттық. Олар Абайдың жақындарын, тіпті туған ағасы Тәкежанды да ақынға қарсы жауықтырады өсек-аяң, өтірік-жаламен достарын Абайдан алыстатады, сөйтіп ақын жүрегін терең жаралайды.
Өшпенділік пен кастандықтың осындай түнек ауырлығында жүрген Абайға орыстың алдыңғы қатарлы қоғамдық, халықтық-демократиялық ой-пікірінің таңдаулы дәстүрлерінде тәрбиеленген, өз ісінің болашақ мұрагері, талантты баласы Әбдірахманның өлімі аса ауыр қайғы болып тиеді. Петербургте оқып жүрген кезінде-ақ туберкулезге шалдыққан Әбдірахман Вер¬ный қаласында дала артиллериясының поручигі болып, аз уақыт қана қызмет істейді. Ол 1895 жылы, 27 жасында қайтыс болады. Оның өліміне арнап Абай кептеген әсерлі өлеңдер шығарады. Бұл өлеңдерде ол өзінің баласынан ғана емес, сонымен бірге үміткер досынан, мұрагерінен айрылған әкенің, халық бақыты үшін күрескердің кайғысын білдіреді.
Топас, дөрекі жауларының куғынына _ ұшыраған, ауыр тартыс қалжыратқан Абай ауыр өлімнің қайғысынан серпіліп болмай-ақ, тағдыр оны тағы да қатты соққылайды: Абайдың екінші баласы, талантты ақын Мағауия қайтыс болады.
Осындай бақытсыздық қатты жаншып, еңсесі түскен Абай өзінің қайғы-касіретінен бой жаза алмайды, Мағауия өлгеннен кейін қырық күн өткен соң, алпыс жаска қарағанда, өзінің туған даласында ақын қайтыс болады.
Абайдың сүйегі Шыңғыс тауының бауырындағы өзінің Жидебай деген қыстағының жанына қойылады.
Абайдың өлеңдер мен поэмалардан, аудармалар мен ғақлиялардан тұратын әдеби Мұрасы соңғы жолы үлкен-үлкен екі том болып басылды. Ақынның көп жылдар бойындағы ойлары мен толғаныстарының, ізгі жаны тебіренуінің аса бір қымбатты нәтижесіндей бұл еңбектері енді, тарихи тұрғыдан қарағанда, қазақ халқының рухани мәдениетінің жиынтығы сияқты болып көрініп отыр. Туған халқының өткендегі ауызша, жазбаша ескерткіштерде сақталған ақындық мүрасына терең бойлаған Абай сол мөлдір бұлақтан құнарлы нәр алып, өз поэзиясын молықтыра білді. Қазақ халқына ол кезде жете таныс бола қоймаған тәжік, азербайжан, өзбек сияқты шығыс халықтарының классикалық поэзиясы да Абай поэзиясына прогресшіл ықпал жасады. Бірақ қазақ мәдениетінің келешекте өркендеуінің кепілі, оның тарихи дамуы жолында сенімді жолбасшысы болған орыс мәдениетіне (ол арқылы бүкіл европалык мәдениетке), ең алдымен, оған дейін қазақ халқына мүлде белгісіз орыстың ұлы классиктері қалдырған мұраға Абайдың үміт артуы орасан маңызы бар факты еді. Ерекше дарынды, кемел ойлы Абай, жаңа мәдениетті ақыл сарабынан өткізе, өз бойына сіңіре білді. Осындай асыл қазынаны қабылдаудан суретші Абайдың өзіндік айқын ерекшелігі өсіп, көркейе берді.
Абай, қазақ халқы әлі менгеріп жетпеген мәдениеттерге бойұрғанда, жаңа көркемдік суреттеу құралдарымен ғана молыққан жоқ, рухани дүниесін жаңа идеялармен де байытты. Өзінің идеялық және творчест-волық байлығының асылына келгенде, Пушкин сияқты, Абай да қалың жұртқа ортақ, сонымен бірге анық ұлттык, халықтық ақын.
Абайдың сексенінші жылдардағы өлеңдерінің көпшілігі қазақ қоғамының тағдырына арналды. Сонымен қатар, ақын халқынын бүкіл рухани қатынасын терең керкемдік-сыншылдықпен қайта қарап, өзінің ақындық жаңа программасын ұсынды.
Бұл шығармаларында Абай калың бұкараға жақын келеді. Алайда оның поэзиясының халық творчествосынан зор айырмасы барын дәл осы тұста айқын көреміз. Абай бірде-бір өлең жолында халық творчествосының қалыптасқан дәстүрлі сөз жүйесі мен акындык ой бітімін қаз калпында ала салмайды. Абай ауыз әдебиетіндегі сөздерді де, образ жүйесін де, стиль тәсілдерін тереңдетіп, жаңа ой, сезімдермен толықтырады, оның өлеңдерінде өзгеше бір идеялар мен жан сезімдері жүреді. Ең алдымен, бұл шығармалардан ақынның ескілік әдет, билеуші феодалдардың азғындық мінездері, қараңғылық, дау-жанжал жайлаған еңбекші бұқара мұқтаждық пен жоқшылыкта өмір сүрген сол кездегі қазақ ауылының қоғамдық қалпына бітіспес көзқарасы айқын көрінеді. Абайдың көптеген өлеңдерінде («Қартайдық, кайғы ойладық», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Күлембайға», «Кежекбайға»,тағы басқалар) надандық, дәукестік, парақорлық, арамтамақтық, қазақ халқын билеп-төстеушілердің рухани бишаралығы өлтіре сыналады.
(Жалғасы бар)
ҚАЗҰУ-і жанындағы Абай институты