Сейсенбі, 26 Қараша 2024
3017 0 пікір 4 Қараша, 2020 сағат 17:46

Солтүстік Қазақстанда 9 қарашадан бастап блокбекеттер орнатылады

Қазақстанның Ресейге жақын орналасқан аймағы - Солтүстік Қазақстан облысында 9 қарашадан бастап карантин күшейіп, блокбекеттер орнатылады.

Жергілікті билік облыста өткен аймен салыстырғанда коронавирус жұқтырғандар айтарлықтай көбейгенін айтып отыр. Өңірге жаңадан шектеу шаралары енгізілетінін премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің айтуынша, келесі аптадан бастап облыс орталығы Петропавл қаласында периметр бойынша блокбекеттер қойылып, облыс аумағына кіріп-шығу шектеледі. Транзиттік жүк тасымалдайтын жүргізушілерде Covid жұқпағанын дәлелдейтін ПТР-тест анықтама болуы тиіс.

Күн сайын 10-нан астам науқас анықталған елді мекендерде санитарлық блокбекеттер пайда болады.

Петропавл әуежайынан ұшатын жолаушыларда да ПТР-тест анықтама болуы тиіс. Петропавл - Алматы бағыты бойынша жүретін пойыздар саны қысқарады.

9 қарашадан бастап діни нысандар, театр, кинотеатр, мәдени ошақтар жұмысын тоқтатады.

Қоғамдық тамақтану орындары, азық-түліктік емес ірі сауда нысандары, сұлулық салоны, шаштараз, бассейн, фитнес-клуб, жаттығу залдарының жұмыс уақыты шектеледі. Сауда үйлері, сауда орталықтары да демалыс күндері шектеулі режимде жұмыс істейді.

Компанияларға қызметкерлердің басым бөлігін қашықтан жұмыс істеу форматына көшіруге жағдай жасау тапсырылған.

65 жастан асқандарға тек қажет жағдайда ғана сыртқа шығуға кеңес берілген. Петропавл қаласы, Айыртау, Аққайың, Ақжар аудандарында карантин режимін сақтауды қадағалау топтарының жұмысы күшейеді деп айтылады.

Соңғы мәлімет бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған 4 570 адам бар. Соңғы тәулікте 33 науқас тіркелген. Ал облыста нақты қанша адамға коронавирус пневмониясы жұққаны белгісіз. Билік әзірге, мұндай мәліметті жариялаған жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1539
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6076