Биыл жазда түрік парламенті әлеуметтік желілерді бақылауды күшейту жөнінде заң қабылдаған. Құжатқа сәйкес, егер Түркияда желіні қолданушылар саны күніне бір миллионнан асса, онда осы өңірде филиал ашу керек және онда жұмыс істейтіндер түрік азаматтары болуы тиіс.
Талап орындалмаған жағдайда айыппұл төленеді және интернет жылдамдығы 90 процентке түседі.
Facebook компаниясы Анкара шешімін орындамайды деп мәлімдеген.
Құқық қорғаушылар Түркия билігінің шешімін сынға алған.
Abai.kz