Сенбі, 23 Қараша 2024
2293 1 пікір 5 Қараша, 2020 сағат 10:43

Қазақстан шетел азаматтарына шектеу шараларын күшейтті

Қазақстан бірқатар облыстарда коронавирус індеті қайта өршігеннен кейін, мемлекеттік шекаралардағы шектеу шараларын күшейтеді. Осылай деп елдің премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдеді.

Мекемеаралық комиссия шешіміне сәйкес, Қазақстанда тұратын шетел азаматтары үшін және Қазақстан азаматтарының отбасы мүшесі болып саналатын шетел азаматтарына шекарадан өту тәртібі өзгерді. "Аталған азаматтар 90 күнде бір рет ғана шекараны кесіп өте алады (осыған дейін 30 тәулікте бір рет болған)", – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек 2021 жылдың 1 мамырына дейін 57 мемлекетке виза беру уақытша тоқтатылады. 1 қаңтарға дейін комиссия шешімі бойынша Қытай және Үндістаннан Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзит жолаушылар үшін 72 сағатқа визасыз жүруге рұқсат беру алынып тасталды. Сонымен бірге комиссия 9 қарашадан бастап Түркияға ұшатын рейстер санын шектеу жөнінде шешім қабылдады.

Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында коронавирус індетін жұқтырғандар саны күннен күнге өсіп жатыр. Қазан айының соңынан бастап күніне 200 адамның вирус жұқтырғаны тіркеліп жатыр. Ақмола, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында да ауру жұқтырғандар саны артқан.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус 113 741 адамнан, пневмония 38 281 адамнан (1 тамыздан бері) анықталған. Ресми мәлімет бойынша, қайтыс болғандар саны 1 867 адамға жеткен. Тағы 405 адам "пневмония" салдарынан қайтыс болды деп тіркелді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364