Қара құрдым
Әлемдік аспантанушылар Галактика кіндігіндегі қара құрдымның фотосын түсіру үшін бірігу үстінде. Бұл үшін Event Horizon Telescope жобасы әзірленіп, ол бойынша Жердің әр түкпірінде жайғасқан 50 радиотелескопты біріктіру қолға алынбақ.
«Галатика құрдымы аса қашықта. Оны көру үшін өлшемі Жердей қондырғы қажет. Ондай қондырғыны құрудың жалғыз жолы - ғаламшардың өзін телескопқа айналдыру», - дейді зерттеушілер. Қазір сарапшылар алдағы үшжылдық жоспарын талқылап жатыр.
«Біз қатты толқудамыз. Екі жыл бұрын бұндай ой қиял сияқты болып көрінген болар еді, енді шынайы іске айналып жатыр», - деген Аризона университеті обсерваториясының қызметкері Димитриос Псалтистің қуанышында шек жоқ. Құрдымды Жер бетінен көру мүмкін емес. Оны қоршаған гравитациялық өрістің тығыздығынан жарықтың өзі оралмайтын көрінеді. Сондықтан шетелдік астрономдар «оқиғалар көкжиегі» (жоба да сондай атауға ие) аталатын қара құрдымның шекарасынан тыс бақылауды қолға алмақ. Құрдым әлдебір жұтқыншаққа сорылып жатқан шаң мен газдан тұрады, оған қараудың мүмкіндігі жоқ. Ал, қолдағы физика заңдары онда не болып жатқанын сипаттай алмайды.

Аса тығыз үйкелістен шаң мен газдың қызуы миллиардттаған градусқа көтеріліп, одан жарық бөлінеді. Сондықтан да құрдымның сақинасы көрінетіндей жағдайда. «Біз материяның жұтылу үдерісін болып жатқан күйінде түсіруді ойластырудамыз.Құрдымның қалай қоректенетінін ұғуға мүмкіндік алармыз деген үміттеміз», - дейді Псалтис. Оның айтуынша, 26 мың жарық жылдамдығындай қашықтағы оқиғалар көкжиегін фотолау, - Айдан алма іздеумен парапар. Дегенмен, зерттеушілердің құлшынысында шек жоқ, оның үстіне Аризона обсерваториясында өткізілген алғашқы тәжірибелер сәтті шыққан.
Бұдан басқа, оқымыстылар Эйнштейннің Салыстырмалықтың жалпы теориясын тексерумен де жұмыстанбақ. Аңыз-ғалым алғаш рет уақыт пен кеңістіктің өз кіндігін айнала майысуы турасында айта келіп, қара құрдымды сипаттаған болатын. Егер де оқиғалар көкжиегі барынша дөңгелек келсе, онда - Эйнштейннің қателеспегені. Басқа жағдайда қалыптасқан тұжырымды түзетуге тура келмек.
Ғалымдар бұл жобаның сәттілігіне сеніп отыр, себебі, бірнеше күн бұрын Ғаламды біріктіріп тұрған сусымалы жұмбақ субстанцияның түсірімін алу жүзеге асқан.Ол түсірімдерден ғалымдар ғарыштағы күңгірт материаның таралу панорамасын түзіп жатыр. Бұл астрофизика саласындағы адам сенбес алға басу, өйткені, күңгірт материя туралы бұрынғы мәлім нәрселер бар болғаны компьютерлік үлгілерге ғана негізделіп келген еді. Енді зерттеушілер қолында шынайы түсірілімдер бар.
Құпия субстанция физиктер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Әзір көзбен көру болмаса, оның неден тұратынын білу ешкімге мүмкін болмай тұр. Бар жорамал бойынша, бұл материя жұлдыздардың шоғырлануын біріктіре ұстап тұрады да, Ғаламның шашылуын болдырмайтын көрінеді. Оның бар екендігін тартылыс әсерінен байқауға болады. Көрінбейтін нәрселер шалғайдағы галактикалардан келетін жарықты майыстырады. Жуырда алынған түсірілімдерде жарықтың осы майысымдары әсерленген болатын.
Бұл түсірім үшін ғалымдар Гавай аралында орналасқан CFHC Telescope телескопқа 340-мегапикселдік MegaCam камерасын орнатыпты. Түсірім бес жыл бойы жүргізілген. Нәтижесінде енапат панорамалық түсірім алынған. Онда біздің Жерден 6 млрд жарық жылындай қашықтағы шамамен 10 млн галактика түсіріліпті. Олардың әрқайсысы жарық шығарады да, оның барлығын күңгірт материя ғарыш кеңісінен өтерде майыстырады. Осылайша, ғалымдар жарық сәулесінің Ғаламның қай нүктелерінде сынуы басталатынын, яғни, құпия материя ғарыш кеңісінде қалай таралатынын көре алды.
Әзірлеген - Ш.Қайсар
«Абай-ақпарат»