Мемлекет басшысы Джо Байденді құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Джо Байденді АҚШ президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы құттықтау сөзін Twitter желісіндегі жеке парақшасында жазды.
- Джо Байден мырзаны АҚШ президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтаймын. Біздің елдеріміз арасындағы өзара мүдделі салаларда жемісті ынтымақтастық орнатамыз деген үміттеміз, - деп жазды Тоқаев.
Айта кетейік, CNN телеарнасы мен NBC және AP агенттіктері 3 қарашада басталған президент сайлауында демократиялық кандидат Джо Байден жеңіске жетіп, АҚШ президенті болғанын хабарлады.
Abai.kz