Мәмбет Қойгелдиев: «ХХ ғасырда қазақ әдебиетіне үлкен қиянат жасалды»
Мағжан Бекенұлының «Алқа. Табалдырық» атты 1924 жылы жазылған еңбегі «Табалдырық. Манфифест» деген атпен тарихшы ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің мұрағат материалдарымен толықтырылған нұсқасы жеке кітап болып жарық көрді. Төменде Мағжан Жұмабаев еңбегінің ғылыми-көпшілікке жол тартуына орай өткізілген баспасөз мәслихаты кезінде тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің айтқан сөздерін беріп отырмыз. (М.Қойгелдиев сөзінің толық нұсқасын төмендегі аудиодан тыңдай аласыздар)
«Абай-ақпарат»
Мәмбет Қойгелдиев:
-Советі өкіметі орныққаннан кейін көркем әдебиеттің негізінде социалистік реализм жатуы керек деген концепция өмірге келді. Біздің елде осы ұстанымды қолдай жазушылар пайда болды. 1925 жылы Қазақ пролетариат жазушылар ассосациясын құру туралы шешім қабылданды. 1926 жылы ол ұйым өмірге келді. Соған байланысты біздің жазушылар өздерінің көркем шығармаларын социалистік реализм негізінде жаза бастады.

Осы кезде Мағжан Жұмабаев Мәскеудегі әдебиет институтында оқып жүрген еді. Ол жаққа 1923 жылы барып, 1926 жылы елге оралды. Әрі әдебиет институтында оқыған тұңғыш қазақта - Мағжан Жұмабаев. 1924 жылдың соңғы, қараша, желтоқсан айларын осы «Табалдырық» еңбегі жазылған. Мағжан 1925 жылдың басында сол кезде журналистика институтында оқитын екі көмекшісі - Аманғали Сегізбаев, Сәрсембин екеуінің көмегімен «Табалдырықтың» араб графикасымен жазылған бірнеше ондаған көшірмесін жасаған. Сосын Қазақстандағы өзіне жақын, пікірлес адамдарға пошта арқылы таратқан. Смағұл Сәдуақасов «Табалдырықты» баспасөзге жариялғысы келген. Алайда, заманның теперіші мен кедергісінен бұл еңбек баспа бетін көрмей қалған. Сөйтіп, «Табалдырық» қолжазба күйінде қалып қойған.
Тәуелсіздік алғаннан кейін «Табалдырықтың» кирилицаға түскен нұсқасын Дихан Қамзабекұлы және Тұрсын Жұртбай жариялады. Бұл кісілер менен бұрын жариялаған. Дегенменде, жоғарыдағы азаматтар жария етсе де бұл еңбек көлеңкеде қалып қойды. Оқырманның, ғалымдардың игілігіне айналған жоқ. Оны ашық айтуымыз керек. Сол үшін біз бұл еңбекті бөлек даярладық. Кітап бірнеше бөлімнен тұрады. Бірінші, менің зерттеу мақалам. Екінші, «Табалдырықтың» кирилицаға түскен нұсқасы, үшінші, араб графикасында жазылған түпнұсқасы. Төртінші, «Табалдырыққа» байланысты жүргізілген тергеу материалдары.
Мынау кітаптың аты «Табалдырық. Манифест» деп аталады. Мағжан Жұмабаев еңбегінің атын «Алқа. Табалдырық» деп қойған. Манифест деген сөз жоқ. Ал, ОГПУ-дың тергеушілері бұл еңбекті «Платформа Магжана Жумабаева» деп атаған. Сөздіктен қарадым. Бұл француз сөзі. «Платформа - белгілі бір саяси ұйымның, қоғамдық ұйымның, топтың әрекет бағдарламасы, талабы» дегенді білдіреді. Ал, ОГПУ тергеушілер Мағжанның платформасын большевиктің платформаға, социалистік реализмге қарсы қоюға тырысқан.
ХХ ғасырдың басында бүкіл европада ақын-жазушылар манифест арқылы өздерінің ұстанымдарын білдірген. Мысалы, Ресейде Горький, Францияда - Ромен Роллан,Жан Пол Сартр, Италияда - Мариетти, Грамши осылай жалғасып кете береді. Міне, сондай манифест жазған бірден бір қазақ жазушысы - Мағжан Жұмабаев.
ХХ ғасырда қазақ көркем әдебиетіне үлкен қиянат жасалды. Мағжан сияқты классиктер мен олардың шығармалары социалистік реализм классиктерінің көлеңкесінде қалды. Мағжанның орнын социалистік реализм классиктері алды. Мысалға, Сәбит Мұқановты айтайын. Оның «Өмір мектебінде», «Есею жылдарында» жақсы білемін. Егер мәселенің бетіне тура қарап айтатын болсақ, Сәбит Мұқановтың бұл екі романы ұлттық ұстанымдағы қазақ зиялыларына жасалған қиянаттың белгісі болып есептеледі. Және Сәкен Сейфуллин де бар. Бұлар қазақ әдебиетінде тар шеңбердегі социалистік реализмнің іргетасын қалады, соның дамуына жағдай туғызды, жол ашты.
Осыған байланысты қазіргі мектеп оқулықтарында үлкен қателік бар. Сол кемшіліктерді жойып, басымдықтарды дұрыс қоюымыз керек.
«Абай-ақпарат»