Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3098 0 пікір 2 Ақпан, 2012 сағат 06:41

Сырым Дат. Он алтыдан соң не болмақ?..

Қазақтың талайына жазылған санның бірі -16. Оны бұрын да жазғанбыз. Бұл - бір кілтсөз екен.
1916 жылғы қазақтың көтерілісінен соң, бір жыл ішінде Ресей империясына топалаң келіп, патша тақтан құлады, құлады да қызылдар оның орнын басты.
Патшалық Ресей қанша басқын саясат жүргізсе де, қызыл империя кезіндегідей қазақты қырмапты. Қазақтың жерін де егін егуге жырта алмады. Патшалық Ресейдің қазаққа «бергені» ретінде алаштық ардагерлерді «әлдилеп», өсіргені дейік. Әрине, ол империялық саясат емес, тарихтың тәлкегінен арашалаған Алланың ақ ісі болар! Иншалла!
Ал, 1986-ның 16 желтоқсанынан кейін бес жылдан соң өзіміздің қызылдар өкіметке қонжиды. Мұны қазақ «Тәуелсіздік» атады. Содан бері сол «Тәуден» тәуелсізденумен келеміз. Бірақ Қазақ шым-шымдап болса да, алашағын алып келеді. Тәуелсіз руханият болмаса да, атадан қалған байлықты өз қолымызбен, өз байшыкештерімізбен төгіп-шашсақ та  - егемен елміз!
16 саны. Бұл бір Алаштың тарихи бекеті секілді сан екен. Келесі белесті осы санға тоқтап алып, төриені аңғаруға жазғандай.

Енді 2011-дің 16-сынан кейінгі кезең қаншаға созылар екен, таққа кім отырар екен... Тағы да беймәлім жайт. Оппозиция дегеніміз - қолдарынан құманмен су құю келмейтін, әншейін біреуге өкпелегіштер болып шықты; конструктивті оппозиция дегеніміз - өкіметтің өзі ен салған бұзауы екен. Сайлау дегеніміз - бір жағадағылардың келесі жағаны жайлап, өріс ауыстыруы екенін бек түсіндік. Таңдай алмай, таңдауы құрыған халық дел-сал. Әйтеуір, сол баяғы тағынан құлаған ақ патшаның далбасасы секілді тірлік. Тіпті, сол патшаның елі де есінен тана халқын алдап-сулауға өршелене әрекеттеніп жатыр. Әлем біткен «сайлау» менен «жайлаудан» тұратындай әрекетке көшкен. Оның арасын толтырып тұрған тек қана дағдарыс пен жанбағыс.
Енді не болар екен?
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377