Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6203 0 пікір 30 Маусым, 2009 сағат 21:21

Қарабура әулие асы

Байтақ қазақ жерінің қай қиырына көз салсақ та ұлы бабалар қалдырған жәдігерліктермен, киелі орындармен жүздесеміз. Олардың қилы өмірі ата-баба жері үшін арпалыспен, ке-лешек ұрпақ қамымен өтті. Осындай қасиетті өлкенің бірі – Қаратау бойы. Ол қазақ қоғамы үшін алғаш тіршіліктің ұйысқан өлкесі. Халқымыз бір жағы малын бағып, екінші жағынан жерін еміп, өмір отын маздатып өтті. Жат жерлік басқыншыларға қарсы жан берісіп, жан алысып толассыз соғыс жүргізді. Қожа Ахмет Яссауи, Қарабура бабалардың мұсылман дінін таратып, халықты ізгілікке, туыстыққа, бауырмалдыққа үндеген, тәрбиелеген өңір де осы. Түбек халқы бұл тәмсілге түсіністікпен қарай-ды. Қарабура әулиеге мемлекеттік деңгейде алғаш рет ас 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының Қаратау қойнауында өтті. Маңғыстау облысы бұл асқа да белсене қатысқан болатын. Содан бері Созақта Қарабура әулиеге жыл сайын ас берілуде.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев казақ тарихы ат тұяғымен жазылғанын және тарихында бүгінгі ұрпақ ұялатындай еш нәрсенің жоқтығын тамаша атап көрсетіп берді.

Байтақ қазақ жерінің қай қиырына көз салсақ та ұлы бабалар қалдырған жәдігерліктермен, киелі орындармен жүздесеміз. Олардың қилы өмірі ата-баба жері үшін арпалыспен, ке-лешек ұрпақ қамымен өтті. Осындай қасиетті өлкенің бірі – Қаратау бойы. Ол қазақ қоғамы үшін алғаш тіршіліктің ұйысқан өлкесі. Халқымыз бір жағы малын бағып, екінші жағынан жерін еміп, өмір отын маздатып өтті. Жат жерлік басқыншыларға қарсы жан берісіп, жан алысып толассыз соғыс жүргізді. Қожа Ахмет Яссауи, Қарабура бабалардың мұсылман дінін таратып, халықты ізгілікке, туыстыққа, бауырмалдыққа үндеген, тәрбиелеген өңір де осы. Түбек халқы бұл тәмсілге түсіністікпен қарай-ды. Қарабура әулиеге мемлекеттік деңгейде алғаш рет ас 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының Қаратау қойнауында өтті. Маңғыстау облысы бұл асқа да белсене қатысқан болатын. Содан бері Созақта Қарабура әулиеге жыл сайын ас берілуде.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев казақ тарихы ат тұяғымен жазылғанын және тарихында бүгінгі ұрпақ ұялатындай еш нәрсенің жоқтығын тамаша атап көрсетіп берді.
Менің көз алдыма тәуелсіз Қазақстанды Қарабура баба бурасымен аралап жүрген көңілді бейнесі елестейді. Маң-маң басып, шудалары мен жел ойнаған Қарабурасымен бүгінгі Маңғыстау өлкесін де аз шарламаған болар. Биылғы ас Маңғыстаудың мұрындық болуымен ұйымдастырылды. Бір жыл бұ-рын дайындық басталды, төрт рет басқосу өткізілді. Облыстық ардагерлер кеңесінде екі рет талқыланып, баспасөзде мақалалар жарияланды. Өлке жұртшылығы батыр баба, бекзат болмысты мұсылман дінінің насихатшысы, қасиетті пірәдар туралы мәліметтер алды. Соның нәтиже-сі бүгін қазақ елінде аты кеңінен мәшһүр ғалым-ұстаз Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы, облыстық қажылар бірлестігі төрағасы Асқар Маймақов, өлкеміздің ел ағалары Жаздырхан Сейдалиев, Жауғашты Нәренбаев бастаған елуге жуық азаматтарымыз Созақтағы қасиетті баба басына жиналып, тәу етіп қайтты. Бұл шаруаға облысымыздың басшысы Қырымбек Көшербаев мырза игі ықпалын тигізді.
Маңғыстаулықтар баба асына құр қол келген жоқ. Қауымдық іргесінен «Дәрет кешенін» тұрғызды. Зиярат етушілер бұл жаңалыққа риза-лықтарын білдірді. Дүлдүл айтыскер ақын, Мэлс Қосымбаев «Қарабураға арнау» жырын ас қонақтарына сыйға тартса, қазақ күй өнерінің арғымағы, Ұлттық консерватория профессоры Сержан Шәкіратов «Ұлы бабаларға тағзым» - атты жаңа күйімен көпшілікті серпілтті. Белгілі сазгер, ата ұрпағы Ғалымжан Сағымбаев Қарабура бабаға «Ұлтымның ардағы» атты жаңа әнін шырқады. Бұл туын-дылардың бәрі дерлік баба басында бірінші рет орындалып, тұсауы кесілді. Маңғыстау облысы делегациясы құрамында құран қаришылар мен бірге, ұлттық өнеріміздің майталмандары Жеткізген Сейітов, Өсербай Сәрсенбайұлы, тағы басқалар жақсы қырынан көріне білді.
Асқа демеушілік жасап, оны өт-кізудегі игі істерімен көзге түскен азаматтарға «Қарабура әулие» қоғам-дық қоры алғыс хаттар тапсырды.
...Ерліктің ер көрсеткен белгісіндей,
Елдіктің ескерткіші қалануда.
Созақтың әулиесі ғана емес,
Қазақтың әулиесі Қарабура, - деп төкпектеткен Мэлс Қосымбаевқа жұртшылық зор қошамет көрсетті. Өйткені, Қарабура әулие басына орнатылған кесене бүкіл қазақтың киелі орны, ұлттық пантеоны, асқа жиналғандардың сөзі мен ісінен алдымен осыны танып білдік.
Француз оқымыстысы Вольтер тарихшыларды жазғандары үшін емес, жазбағандары үшін соттау керек деген екен. Ұлтымыздың тарихы, мәде-ни құндылықтары жөнінде күндіз-түні тынбай жаза беруіміз, өзге елдерге таныта білуіміз керек. Солай істеуді сөз боп отырған Қарабура әулие тақырыбы да тілепақ тұр. Енді осы жағына бола аз-кем шегініс жасайық. Қарабура әулие жөнінде қазақ тарихы не дейді?
Қазақ энциклопедиясының оныншы томында Қарабура баба туралы академик Ә.Х. Марғұлан мақаласы жарық көрген. Мақалада Қарабура бабамыздың Тама елінің ұраны екені келтірілген. Ал тама руы – Қыпшақ таңбалы. Академик Ә. Марғұлан бұл ойды былайша тереңдете түскен. Дешті Қыпшақ, Ноғай ордасы, Қазақ хандығында тамалардың іргелі ел болғаны белгілі. Осыған қарағанда тамалар тарихы Қыпшақ мемлекетінің жуан ортасында Х ғасырдан бері белгілі.
Иә содан бері де тама елі мен Қарабура әулие туралы бірнешелеген кітаптар жарық көрді, бірақ толық зерттелмей келеді. ХV ғасырдан бергі тарихи кезеңде тама елінен ардақты адамдар аз шықпаған. Мысалы, Бұхарадағы әлемге әйгілі Көкілтас медресесін тама елінің зиялы адамдары тұрғызған. Осы ғимараттар-дың тарихын мұқият зерттеген Х.Досмұхамбетұлы Көкілтас медресесін тама елінің азаматы Көкінің тұрғызғанын дәлелдеп еді.
Қазақ мемлекеті орнамастан бұ-рынғы тарихымызды саралар болсақ, Қыпшақ мемлекетіне кірген кішігірім емес, ірі тайпалар саны 26-ға жеткен екен. Солардың біріне Қарабура әулие шыққан тама жататынын келтірдік те.
Қарабура атамыз аса киелі, қасиетті кісі болған. Әкесі Көгіс бүкіл Ноғайлы ұлысына қорған болған әйгілі ба-тырлардың тобында көрінген.
Батыс Түрік қағанатының қара ша-ңырағы болған қазақ даласында Қа-рахан мемлекеті бой көтергенде оның беркіп, нығаюына Қарабура өшпес із қалдырған. Мемлекет ішінде ислам дінінің орнығуы үшін Қожа Ахмет Яссауимен тізе қоса аянбай еңбек еткен абыз. Керек десеңіз Қожа Ахмет Яссауи өзін жерлеуді Қарабураға аманаттаған. Соған қарағанда ол өз заманында аса жоғары беделге ие болған.
Бұл күндері Созақтағы Қарабура әулие жерленген қорымның атағы шартарапты шарлаған. Мұнда Ақназар хан, Қоңырат Құрбан ата, сарыүйсін Белгібай қажы, тама Құлтас би, тарақты Шілмембет би, Шахасым ахун, Қожамқұл ғұлама сияқты ел құрметіне бөленген белгілі тұлғалар мәңгі тыныстап жатыр.
«Қарабура» кітабы 1997 жылы Алматының «Өлке» баспасынын жа-рық көрді. Кітап Әбіш Кекілбаевтың «Елдік пен ерлік киесі» атты ғылыми зерттеу туындысын беташар ретінде жариялаған. Осы еңбектен үзінді келтіріп көрелік.
«...Қарабура ...Қара ...Бура... Памир мен Қаратау арасын жайлап жатқан ежелгі мәдениетке ерекше тән құбы-лыс. Киелі ұғым. Қара – көптің белгісі. Бура – күштің белгісі. Алтайдан келген қарақытайлардың да бұл өлкеде өз билігін орнықтыру үшін бұл тұспалға жүгінуі тегін емес. Кие-күш. Күш-кие. Кие дарымай ел көсегесі көгермейді. Біздің тәй-тәй басқан тәуелсіздігіміз бен қаз-қаз тұрған азаттығымыз ар-уақтанып, асқақтай түсуі үшін де айбар керек».
Иә, тәуелсіздігіміздің тұрақты болуы еліміз бен жерімізден айбар күте-ді. Ол айбардың атасы – жұдырықтай жұмылған бірлік, анасы-ұлттық рух. Маңғыстаулық делегация осы мақсатты шамшырақ етіп алған болатын. Қарабура асының салмағын көтеріп алған маңғыстаулық азаматтар діттеген жерден шықты. Аруақ разы болғай. Әбекең Кекілбаевша айтқанда:
«Аруақ разы болмай тұрып, абырой асар ма? Абыройсыз айбар бітер ме?».
Бұған: «Әрине жоқ» дегеннен басқа не қосып алар едіңіз, ағайын.

 

 

Өмірзақ Озғанбаев, делегация басшысы, облыс әкімі жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы.
«Маңғыстау» газеті 18 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371