Жұма, 22 Қараша 2024
4002 0 пікір 26 Қараша, 2020 сағат 11:57

А.Перуашев: «Алаштан» артық ұлттық идея жоқ!

Кеше «Ақ жол» партиясы мен  Алаш көшбасшыларының бірі Міржақып Дулатұлының туғанына 135 жыл толуына орай «Оян, қазақ!» атты онлайн конференция өткізді. Конференцияға партия төрағасы Азат Перуашев, «Алаш» мәдениет және рухани жаңғыру институтының директоры Сұлтан Хан Аққұлы, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов, алаштанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Конференцияны ашқан партия төрағасы А.Перуашев: «Міржақып Дулатұлының 1909 жылы шыққан «Оян, қазақ! »Кітабы қазақтың ұлт-азаттық қозғалысының манифестіне айналған құжат болды. «Ақ жол» партиясы Алаш қозғалысының ұстанымдары мен ұлттық идеясына ерекше назар аударады. Жақында өткен партияның съезінде қабылданған саяси бағдарламада біз осы екі ұғымға - тәуелсіздік пен «Алаштың» ұлттық идеясына жеке мақала да арнадық. Қазақ халқы үшін «Алаштың» идеялары мен қағидаларынан жоғары идея мен қағида жоқ. Біз «Алаш» көсемдерінің, оның ішінде Міржақып Дулатұлының шығармашылығына зерттеулерімізді арнаймыз, ғылыми-практикалық конференциялар өткіземіз. Бүгінгі конференцияға Алаш қозғалысының танымал зерттеушілері, ғалымдар мен тарихшылар жиналды», - деді.

Ал, тарих ғылымдарының докторы, міржақыптанушы Марат Абсеметов М.Дулатовтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен оның туындылары жапон және түрік тіліне аударылғанын тілге тиек етті.

Конференцияда Мемлекеттік тарих институтының директоры, профессор Еркін Әбіл, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, академик Зиябек Қабылдинов, белгілі ғалым-алаштанушылар Ғарифолла Әнес, Дихан Қамзабекұлы, Ербол Тілешов, Амантай Шәріп, Алмасбек Әбсадықов, Сайлаубай Ерлан, Сағымбай Жұмағұл және басқа да алаштанушылар баяндама жасап, көрнекті ағартушы, ақын, жазушы, қоғам қайраткері әрі жалынды көсемсөз шебері туралы баяндамалар оқыды.

Конференциядағы қорытынды сөзінде А.Перуашев: «Біз «Алаш» саяси мұраларын Қазақстанды жаңғыртудың ұлттық идеясы ретінде қараймыз және олардың мұраттарын мемлекеттік құрылыста, экономика және қоғамда табандылықпен жылжытатын боламыз. Алашорда қайраткерлері мәлімдегендей Қазақстанның 20-25 жылдың ішінде өзінің қоғамы мен экономикасын жаңғыртуға және әлемде лайықты орнын алуға барлық мүмкіндігі бар дегеніне сенеміз»,- деді.

Конференцияда жасалған ғылыми баяндамалар жинақ түрінде жарық көретін болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320