Жұма, 22 Қараша 2024
Сайлау 5179 40 пікір 27 Қараша, 2020 сағат 13:01

ЖСДП сайлауға қатыспайтын болды

Қазақстанның оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Мәжіліс пен Мәслихат сайлауына қатысудан бас тартты. Бұл туралы партия жетекшісі Асхат Рақымжанов мәлімдеген екен.

ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов партия бұл сайлауға байкот жариялайтынын, сол арқылы елдегі қазіргі ахуалға деген партия ұстанымын көрсететінін айтыпты. «Тengrinews.kz» сайты солай деп жазған.

Рақымжанов өз сөзінде партия жаңару бағытындағы жұмысын белсенді жалғастыра беретінін айтқан.

«Сайлауға қатысу – маңдайшадағы ұран сөзді ауыстырумен шектелмейді. Мойындау керек, бізге жылдамдық жетпейді. Біздің бағдарламамыз 2012 жылы жазылған. Одан бері де өмір өзгерді. Қазір бізге партияның келесі сьезіне дейін жаңа бағдарлама жасау, жаңа бағдарламаның жобасын әзірлеу керек. Партия Жарғысына да өзгеріс енгізу керек», - депті Рақымжанов.

Партия сьезінде алдағы сайлауға байкот жариялауды 32 адам қолдаған, 3 адам қарсы болып, 5-еуі қалыс қалған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін президент Тоқаев Мәжіліс пен Мәслихат сайлауының уақытын белгілеп, дода басталғанда ЖСДП жетекшеліре бұл бастаманы қолдайтындарын мәлімдеген. Партия жетекшілерінің бірі Тазабек Сәмбетбай мырза өзінің «Facebook-тағы» парақшасында партия төрағасы Асхат Рақымжановтың мәлімдемесін жариялаған.

ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжановтың мәлімдемесі:

«Парламент депутаттары мен жергілікті өкіл органдарының сайлауы кез-келген мемлекет үшін дамудың маңызды кезеңі болып табылады. Еліміздің үстіне түскен қиын заманда, сайлау мемлекетіміздің дамуына маңызды әсерін тигізуі керек.

Сайлау арқылы мемлекетті басқару құқығы жүзеге асырылады, сондықтан кез-келген саяси партиялар сияқты ЖСДП да бұл процестерге қатысуы керек.

Біз және азаматтық қоғам өкілдері пропорционалды жүйені аралас немесе мажоритарлы жүйеге өзгерту қажеттілігі туралы айтып келеміз. Қазіргі таңда партия ішінде сайлау науқанын ұйымдастыруға арналған түрлі ұсыныстар талқыланып жатыр. Жақын арада бұл мәселе бойынша жалпы партиялық шешім қабылданатын болады».

22 қазан, 2020 жыл.

Айта кетейік, Мәжіліс пен Мәслихат сайлаулары 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Қазірге дейін «Нұр Отан», «Ақ жол», «Ауыл», «Адал» және «ҚХП» сьез өткізіп, тізім ұсынды.

Abai.kz

40 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318