Ермек Сахария. Тимур Құлыбаев далада қалмас...
Лента.ру «Газпром» компаниясының ресми баспасөз хабарламасына сілтеме жасап, Тимур Құлыбаевтың жаңа «Газпром» директорлар кеңесіне қайта ұсынылғандығын хабарлады. Ресейлік ірі компанияның акционерлері жаңа «Газпром» директорлар кеңесінің 11 орнына үміткер ретінде 12 кандидатты ұсынды.
Атап айтқанда, Ресейлік мүлік атынан қазір кеңесті басқарып отырған бірінші вице-премьер Виктор Зубковты қоса алғанда, алты мемлекеттік өкілдің бәрі бар.Директорлар кеңесіне тұңғыш рет 2011 жылы енген Құлыбаев «Газпром» директорлар кеңесінде неміс канцлері өз пакетін сатып жібергеннен кейін E.ON өкілінің орнына келген болатын. Құлыбаев пен Зубковтан бөлек компанияның директорлар кеңесіне үміткерлер тізімінде «Газпром» басшысы Алексей Миллер, бұрынғы Ресей энергетикасы министрі Игорь Юсуфов, бұрынғы Минмүлік бастығы Фарит Газизуллин, сонымен қатар газ концернінің менеджерлері Виталий Маркелов, Елена Карпель мен Михаил Середа енген. Сондай-ақ, директорлар кеңесіне СПбГУ кафедра меңгерушісі Валерий Мусин мен Ресей Президенті жанындағы Халық шаруашылығы академиясының ректоры Владимир Мау ұсынылды. Орыстар «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорын қарық қылмаған Тимурдан не күтеді екен, ә?
«Қазақстан - Заман» газеті